Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жаңа тарихи 3D-ойын жасалатын болады. Бұл жөнінде жоба ұйымдастырушыларының бірі, Қазақстандық бағдарламалау мектебінің бас директоры Сергей Ахметов айтып өтті.
Ойын стратегия түрінде жасалады. Ойынның желісі мемлекеттің құрылуы шағынан басталған тарихи оқиғаларға негізделеді. Ойыншылар сол кезеңдердегі жауынгерлік істерге қатыса алады. Сонымен бірге, Аңырақай және Орбұлақ шайқастарындағы қазақ әскерін басқару мүмкіндігіне ие бола алады.
"Қазақ хандығы" ойыны үш кезеңге бөлінеді деп жоспарлануда. Бірінші бөлігінде, хандықтың құрылуы мен Шайбанилармен соғыс кезеңі кіреді. Екіншісінде ойыншылар жоңғар шапқыншылығы мен отарлауға қарсы тұрулары керек болады. Үшінші кезеңінде Сырым Датұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Кенесары Қасымовтың көтерілістері қамтылады. Ескере кететін бір жайт - ойыншылар барлығын өздері басқарып, қалаулары бойынша өзгеріс енгізе алады.
Ахметовтың айтуынша, ойын құрастырумен 6 ай шамасында 30 шақты адам қызмет етіп келеді. Ойынның тарихи шындыққа негізделуін шығыстанушы әрі саясаткер Дастан Қадыржанов жауапты. Ойын қазақ және орыс тілінде жарық көреді. Уақыт өте келе ағылшын тілінде шығару да жоспарда бар. Жұмыс барысында аудармашылар тапшылығының әсерінен көптеген қиындықтар туындап отырғандығын айтып өтті Ахметов мырза.
Естеріңізге сала кетсек, отандық киногерлер қазақ хандығының мерейтойына орай көп сериялы "Қазақ хандығы" атты телевизиялық жобаны бастап кетті. Жобаның бас режиссері - Рүстем Әбдірашов. Осыған дейін ол "Сталинге сыйлық", "Құрақ көрпе" сынды танымал кинотуындыларды дүниеге әкелген. Режиссура жұмыстарына ат салысатын тағы бір жан - "Келін", "Шал" фильмдерінің режиссері Ермек Тұрсынов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024