Қазақстандағы алғашқы екі есікті Лексус компанияның алматылық ресми дилерінің шоу-румына жеткізілді.
Қолдағы бар ақпаратқа сүйенсек, еліміздің нарығында 317-күші бар V6 қозғалтқышымен, 8-сатылы автоматпен жабдықталған Luxury жиынтығындағы RC350 модификациясы өткізілетін болады. Бағасы - $78 100.
Қазіргі кезде дилерлерде көліктің демонстрациялық данасы ғана бар, алайда клиенттер купені наурыздың басында немесе сәуірдің аяғында ала алады.
Алғашқы рет 2013 жылдың қарашасында Токио автосалонында көрсетілген Lexus RC үшін база ретінде IS седаны алынды. Автокөліктің ұзындығы 4 695 мм, ені — 1 840 мм, ал биіктігі — 1 395 мм. Қазақстанда ұсынылып отырған RC350 нұсқасымен қатар, гибридті орындалудағы RC300h автосы кездеседі.
Қазақстан нарығында Lexus RC350 бәсекелестері: Mercedes C350 Coupe ($72,000-нан жоғары), Audi S5 Coupe, BMW 435i ($80,000-нан жоғары).
Ақпарат көзі: kolesa.kz