Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстанда ғаламтор жылдамдығы біршама өсті. Десе де, әлемдік рейтингте бірнеше саты түсіп кетті.
2014 жылдың шілде айымен салыстырғанда Қазақстан рейтинге төрт орынға төмендеп, 68-орынға түсті. Бұл есепте Чили, Иордания және Мексика Қазақстанның алдына шығып отыр. Еліміздегі ғаламтор жылдамдығы секундына 7,76 мегабит, бұл дегеніміз өткен жылға қарағанда 1,91 мегабитке артық деген сөз. Ал, ТМД елдері арасында Қазақстан Әзірбайжан, Молдова, Ресей мен Белорусиядан кейінгі бесінші орынға жайғасты.
Әлем бойынша ғаламтордың орташа жылдамдығы секундына 11,3 мегабит. Рейтингті Жаңа Зеландия (25,10), Сингапур (23,74) және Қытай (23,72) бастап тұр. Үздік үштіктің қатарынан Оңтүстік Корея мен БАӘ шығып қалды. Ең төменгі көрсеткішті Въетнам, Танзания және Судан көрсетіп отыр (секундына 2 мегабиттен төмен).
Ақпарат көзі: Тенгриньюс.кз