Экономика
Қазақстан бәсекеге қаблетті елдер арасында Ресейді басып озды
Әлемдік эконмикалық форумда (ӘЭФ) дайындалған жаһандық бәсекеге қаблетті елдер тізімінде Қазақстан 42 орынды иеленіп, ТМД елдері арасында Ресейді (45 орын) басып озған екінші мемлекет болды. Бұл туралы Today.kz жазады.
Рейтинг бойынша бірінші орынды жеті жыл қатарынан Швейцария иеленіп келеді. Екінші орында - Сингапур, ал үшінші орынды АҚШ иемденді. Германия бесіншіден төртінші орынға қадам басса, Нидерланды сегінші орыннан бесінші орынға көтерілді. Алғашқы ондықтың қатарына Жапония, Гонконг, төртінші орынды сақтап қала алмаған Финляндия және Швеция Великобритания енді.
Қытай 28 орынды қанағат тұтса, Бразилия 57 орыннан 75 орынға түсті. Ал Үндістан 71-орыннан 55-орынға көтерілді.
ӘЭФ бәсекеге қабілетті елдер рейтингін талапқа сай келетін 110 көрсеткіш бойынша жариялады. Яғни әр мемлекеттің инфрақұрылымы, еңбек пен тауар нарығына қабілеттілігі, денсаулық сақтау мен білім сапасы, мемлекеттегі макроэкономикалық талпынысы, инновациясы, басқаларға қарағанда қаржылық дамуы бәсекеге қаблетті болу керек.