Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы 20 жылға созылған келіссөздерді аяқтады. 22 маусымда ұйымға кіру туралы құжаттар пакеті "ресми рұқсатын алу үшін" жұмыс тобына көрсетіліп, кейінірек ұйымның бас кеңесіне беріледі. Бұл туралы ДСҰ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
"Мен ДСҰ-ға мүше елдер және Қазақстан Республикасының үкіметін осындай тарихи қадаммен құттықтаймын. Енді Қазақстанды ДСҰ-да қарсы алатын сәтті күтемін", - деді ұйымның бас директоры Роберту Азеведу.Өз кезегінде жұмыс тобының мүшелері Қазақстанның ДСҰ-ға кіру туралы келіссөздер ұйым тарихындағы ең үлкен оқиғаның бірі болды деп атап өтті. Жұмыс тобының төрағасы, фин елшісі Васа Химанен Қазақстан делегациясын, экономикалық интеграция істері бойынша министр Жанар Айтжанованы "тарихи жетістігімен" құттықтады.
ДСҰ-ның баспасөз-қызметі атап өткендей, Қазақстанның ұйымға кіру процесі оның Еуразиялық экономикалық одақтағы мүшелігімен байланысты тарифтер бойынша келіссөздер жүргізуге қатысты.
Еске салайық, Қазақстан ДСҰ-ға кіру туралы 1996 жылы өтініш берген.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024