Астана. 14 маусым. 7kun.kz - Грузия мен Қазақстанның қаржы министрлері Грузияның 21 жылдық қарызын қайта құрылымдау туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2017 жылдың басында Грузияның мемлекеттік қарызы 27 мың 774 доллар болған. "Sputnik Грузияның" мәліметінше, қазіргі уақытта несие сомасы 3,3 млн теңгеден 25 млн 48 мың долларға дейін азайған.
"Келісім қорытындысы бойынша, Қазақстанның қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Грузия делегациясының Қазақстанға келуі екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың дамуына ықпал етеді деген үмітте", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан Грузияның ең ірі сауда серіктестері мен инвесторларының бірі. Соңғы 10 жылда қазақстандық компаниялар Грузия экономикасына 400 млн доллрға жуық инвестиция құйған. Отандық салымшыларды қызықтырған негізгі салалар энергетика, порт және туристік инфрақұрылым.