Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан ішіндегі қаржы аударымдары 17,1 млрд теңгеге жетті

Қазақстан ішіндегі қаржы аударымдары 17,1 млрд теңгеге жетті
Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан аумағында жасалған қаржы аударымдарының көлемі 17,1 млрд теңгеге жетті.  Қаржы аударым жүйелері арқылы жасалған транзакциялар көлемі соңғы бес жылда рекордтық деңгейге жетті. Үш айдың ішінде аударылған ақша көлемі 17,1 млрд теңгені құрап, былтырғы жылдың дәл осы кездегі қаржы аударым көлемімен салыстырғанда 3,4 есеге ұлғайды. Ал транзакциялар саны 74,5 мыңды құрады. Бір аударымның көлемі 84,6 мыңнан 229,5 мыңға дейін өсті. "Золотая Корона" жүйесі арқылы 5,5 млрд теңге, Faster арқылы 941,6 млн теңге, Western Union арқылы 809,5 млн теңге аударылған.

Похожие материалы