Қазақстан Ресеймен сауда соғысын жүргізіп жатқан жоқ деп мәлімдейді Ұлттық экономика министрлігі.
"Ешқандай соғыс жоқ. Ресей біз үшін ең жақын мемлекет", - деп мәлімдеді ұлттық экономика вице-минстрі Қайырбек Өскенбаев журналистермен болған кездесуінде.
"Мемлекет қауіпсіздігін қамтамасы ету деген болады. Қандай мемлекеттен болмасын қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарға сай келмейтін тауарлар бар, оларды ешкімнің пайдаланғысы келмейді", - деп мәлімдеді ол еліміздегі техникалық талаптарға және қауіпсіздік нормаларға сай келмейтін ресейлік өндірістің тауарларын сатылымнан алуын жағдайларының жиілеп кеткендігіні түсіндіре отырып.
Ол "мәселенің Ресейге емес, сапасыз тауар өндіретін нақты бір кәсіпкерлерге қатысты" екендігін атап өтті. "Мұны мемлекеттік саясат деңгейіне шығару тіпті мағынасыздық. Жекелеген кәсіпорындардың сапасыз тауарлары болады. Оның қазақстандық, ресейлік, американдық немесе ағылшындық екендігіне байланысты емес. Біз дастархандарымызда сапасыз өнімдердің болғанын қаламаймыз", - деп атап өтті вице-министр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024