Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 22 млрд долларды құрады

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 22 млрд долларды құрады

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 337 млн доллардан 22 млрд долларға дейін өсті. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Коммунистикалық партиясы жанындағы орталық партиялық мектебіндегі дәрісі кезінде мәлімдеді.

"Қысқа мерзім аралығында Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 337 млн доллардан 22 млрд долларға дейін өсті. Соңғы 2 жыл ішінде ғана жалпы құны 70 млрд доллар болатын бірнеше келісім-шартқа қол қойды. Түрлі салаларда біз 250-ден астам  үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерге келдік", - деп атап өтті Н.Назарбаев. Еске салайық, қазір мемлекет басшысы Қытайда іс-сапармен жүр. Сапар барысында Қазақстан Қытай арқылы Солтүстік Америкаға уран жеткізуге келісті. Сондай-ақ, президент CNPC-ді астаналық қаржы орталығында жұмыс істеуге шақырды.

Похожие материалы