Қазақстан ішкі нарыған толықтай өз бензинімен қамтамасыз етуге ниетті. Осы мақсатта Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының қызметі өсті. Бұл туралы LS хабарлайды.
Атырау мұнай өңдеу заводының (АМӨЗ) 1 тонна мұнай өңдеудегі бағасы 20,5 мың теңге болса, Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) 14,9 мың теңге көлемінде бекітілген. "Бағаның бұлай өсуі сайып келгенде Қазақстан нарығындағы мұнай өнімдерін импорттап алмастыруға негізделген" дей келе "Шикізат өңдеу жұмыстарындағы бағаның өсуінің басты себебі АМӨЗ-ы мен ПМХЗ-ының инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру. Олар зауыттарды қайта жөндеуден өткізуге, жаңаландыруға және мұнайды қайта өңдеуден өткізудің көлемі мен тереңдігін көбейтуге бағытталған, яғни мұнай өңдеу көлемі мен тереңдігін арттыру мақсатында зауытты жаңартып, қайта құруы болып отыр. Бұл ішкі нарығымызды 100% өзіміздің жоғарғыоктанды АИ-92/93 маркалы бензиндермен қамтамасыз етіп, мұнай өнімдеріне тәуелділікті жояды",- деді табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин. Oil Gas Project директоры Жарас Ахметов түсіндіргендей, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының қызмет бағасының көтерілуі «ҚазМұнайГаз» бекеттерінің бағаны өсіруінде болды. 1 қазаннан бастап желіде АИ-92 маркалы бензин 130 теңге, АИ-95-141 теңге болды. Бірақ одан басқа ірі жанар-жағармай құю бекеттері бағаны көтерген жоқ.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024