2015 жылдың екінші айы енді басталған тұста 7kun.kz 1991 жылдан бері ақпанда Қазақстан Республикасы басынан өткерген елеулі оқиғаларға шолу әзірледі.
1991 жылдың 13 ақпаны - "Қазақстан Республикасында ауылды, селоны және агроөндірістік кешенді басым дамыту туралы" заң қабылданды.
[caption id="attachment_2078" align="aligncenter" width="800"] Фото: davos.ch[/caption]1992 жылдың 6 ақпаны – тәуелсіз Қазақстан тарихында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Давостағы (Швейцария) Бүкіләлемдік экономикалық форумның жұмысына қатысты
[caption id="attachment_2079" align="aligncenter" width="1000"] Фото: nmn.kz[/caption]1993 жылдың 26 ақпаны – Республика аумағының біртұтастығын, бөлінбейтіндігін және қол сұғылмайтынын айқындайтын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» заң күшіне енді.
[caption id="attachment_2080" align="aligncenter" width="1000"] Фото: todayonline.com[/caption]1994 жылдың 14 ақпаны – Қазақстан Республикасы Атомдық энергия бойынша Халықаралық агенттікке (МАГАТЭ) мүше болды.
[caption id="attachment_2081" align="aligncenter" width="1000"] Фото: mtdi.kz[/caption]1995 жылдың 25 ақпаны – Ұлыбританияның астанасы Лондонда Абай үйі ашылды.
[caption id="attachment_2082" align="aligncenter" width="1000"] Фото: uniquekazakhstan.info[/caption]1996 жылдың 1 ақпаны – Қазақстан Республикасы минералды-шикізат кешенінің ақпараттық-презентациялық орталығы ел тарихында тұңғыш рет «Қазақстанның минералды ресурстары» атты атлас басып шығарды. Атласта пайдалы қазбалардың барлық түрлерінің мыңнан астам кен орны көрсетілді, сонымен қатар аудандар бойынша, табылған және болжанған кен орындарының пайыздық ара қатынасы, масштабы, түрі, игерілуі және тағы басқа бағыттары туралы мәліметтер жарияланды.
[caption id="attachment_2083" align="aligncenter" width="1000"] Фото: anyzadam.kz[/caption]1997 жылдың 26 ақпаны – Мәскеуде «Литературная газета» редакиясында Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шахановтың «Құз басындағы аңшының зары» (Ғасыр айырығындағы сырласу) атты кітабының презентациясы өтті.
[caption id="attachment_2084" align="aligncenter" width="768"] Фото: azretsultan.kz[/caption]1998 жылдың 24 ақпаны – 67 жасында танымал қоғам қайраткері, ғалым Өзбекәлі Жәнібеков қайтыс болды. Өзбекәлі Жәнібеков Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде үлкен рөл атқарған тұлға еді. Ұлттық мәдениет, тіл саясаты, ұлтаралық татулыққа қатысты бағыттарды айқындауда зор еңбек сіңірді.
[caption id="attachment_2085" align="aligncenter" width="950"] Сурет: voxpopuli.kz[/caption]1999 жылдың 25 ақпаны – ұлттық халық санағы басталды. Санақ нәтижесінде халық саны 15 673 400 адам екені анықталды.
[caption id="attachment_2086" align="aligncenter" width="1000"] Сурет: torange.ru[/caption]2000 жылдың 17 ақпаны – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі құрылды.
[caption id="attachment_2087" align="aligncenter" width="1000"] Фото: delovoimir.kz[/caption]2001 жылдың 6 ақпаны – Алматыда тұңғыш рет бокстан IBF бойынша әлем чемпионы атағы үшін қазақстандық Василий Жиров пен АҚШ өкілі Алекс Гонзалес арасында жекпе-жек өтті. Бірінші раундтың бірінші минутында-ақ Жиров американдықты нокаутқа түсірді. Жеңімпаз 200 мың АҚШ долларына ие болды.
[caption id="attachment_2088" align="aligncenter" width="1000"] Фото: kmg.kz[/caption]2002 жылдың 20 ақпаны – «Қазақойл» мұнай өндіру компаниясы» ЖАҚ пен «Мұнай бен газ тасымалдау» ҰК» ЖАҚ базасында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ы құрылды.
[caption id="attachment_2089" align="aligncenter" width="800"] Фото: 900igr.net[/caption]2003 жылдың 23 ақпаны – Мәскеуде Қазақстан, Ресей, Беларус және Украина президенттері Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру туралы мәлімдемеге қол қойды.
[caption id="attachment_2090" align="aligncenter" width="1000"] Фото: rikatv.kz[/caption]2004 жылдың 3 ақпаны – Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты құрылды.
[caption id="attachment_2091" align="aligncenter" width="1000"] Фото: egov.kz[/caption]2005 жылдың 4 ақпаны – ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Тілдер комитеті құрылды.
[caption id="attachment_2092" align="aligncenter" width="1000"] Фото: rferl.org[/caption]2006 жылдың 13 ақпаны – Белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның көмекшісі Бауыржан Байбосын және жүргізушісі Василий Журавлев өлтірілді.
[caption id="attachment_2093" align="aligncenter" width="1000"] Фото: newzz.in.ua[/caption]2007 жылдың 28 ақпаны – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Палаталарының біріккен отырысында елдегі жағдай, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауын жариялады. Президент Үкіметке экономиканың дамуы мен қаржылық мүмкіндіктерді негізге ала отырып халықтың әл-ауқатын жақсарту туралы тапсырма берді.
[caption id="attachment_2095" align="aligncenter" width="1000"] Фото: wikimedia.org[/caption]2008 жылдың 26 ақпаны – Қызылорда облысы Жалағаш елдімекенін 1 шақырымдай қашықтықта «Қазавиақұтқару» компаниясының Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Бортта 3 экипаж мүшесі мен 15 жолаушы болған. 2 экипаж мүшесі және 3 жолаушы қаза тапты.
[caption id="attachment_2096" align="aligncenter" width="1000"] Фото: nmn.kz[/caption]2009 жылдың 4 ақпаны – Қазақстанда теңге девальвацияға ұшырады. ҚР Ұлттық банкі ел валютасының айырбас курсы дәлізін 1 АҚШ долларына берілетін 150 теңге көлемінде белгіледі. 3 ақпан күні 1 АҚШ доллары 121, 87 теңге тұрған болатын.
[caption id="attachment_2097" align="aligncenter" width="1000"] Фото: centralasiaonline.com[/caption]2010 жылдың 12-28 ақпаны – Канаданың Ванкувер қаласында XXI Қысқы олимпиада ойындары өтті. Қазақстанның атынан 37 спортшы қатысты. Еліміз жалпы есепте 25-ші орынға ие болды. Жалғыз күміс медальды биатлоншы Елена Хрусталева алып берді.
[caption id="attachment_2098" align="aligncenter" width="1000"] Сурет: alaman.kz[/caption]2011 жылдың 6 ақпаны – Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Жетінші Қысқы Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті. 26 мемлекет 11 спорт түрі бойынша сайысқа түсті. Қазақстан жалпы есепте бірінші орын алды.
[caption id="attachment_2099" align="aligncenter" width="800"] Фото: yvision.kz[/caption]2012 жылдың 27 ақпаны – Түркияның Бурса провиниясында Қазақстанның Құрметті консульдігі ашылды.
[caption id="attachment_2100" align="aligncenter" width="1000"] Фото: wikimedia.org[/caption]2013 жылдың ақпаны - Жапониялық Japan Atomic Power Co. Компаниясы мен Қазақстан елде АЭС салу бойынша серіктестік жөніндегі келісімге Токиода қол қойды.
[caption id="attachment_2101" align="alignnone" width="1000"] Фото: rferl.org[/caption]2014 жылдың 11 ақпаны – Ұлттық банк теңгенің айырбас курсын сақтап ұстап отырудан бас тарту туралы шешім қабылдап, 1 АҚШ долларына шаққандағы валюта бағамы 185 теңге деңгейінде болады деп мәлімдеді.