7kun.kz 1991 жылдан бері қаңтар айында Қазақстан Республикасы басынан өткерген елеулі оқиғаларға шолу әзірлеп, назарларыңызға ұсынады.
1992 жылы Өскемендегі мыс-қорғасын комбинатында салмағы 10,5 келілік Қазақстанның тұңғыш алтын кесегі өндірілді.
1993 жылы Түркия үкіметі ресми түрде 1993 жылды Қожа Ахмет Ясауи жылы деп жариялады.
1993 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясын қабылдады.
1994 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты құрылды.
1994 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан алғашқы телехабарлар таратудың ғарыштық қондырғысы - «Галс» ұшырылды.
1994 жылы «Түркістан» апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді.
1995 жылы Президент Жарлығымен қазақ ғарышкерлері Т.Әубәкіровке, Т.Мұсабаевқа «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, жоғары ерекшелік белгісі - «Алтын Жұлдыз» тапсырылды.
1995 жылы Қазақстанда «Іскер әйелдер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды.
1996 жылы Қазақстанның екі палаталы тұңғыш Парламентінің алғашқы сессиясы Сенат пен Мәжіліс депутаттарының бірлескен отырысымен басталды.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Жамбыл қаласының атауы Тараз болып өзгертілді.
1998 жылы Беларусь астанасы Минск қаласының бір көшесіне жазушы Мұхтар Әуезовтің есімі берілді.
1999 жылы Олжас Сүлейменовтің Ізгілік академиясы ашылды.
[caption id="attachment_31929" align="alignnone" width="1000"] Time.kz[/caption]2000 жылы Ақтөбе қаласында «Алтын Орда» республикалық тәуелсіз апталық газеті шыға бастады.
2001 жылы «Аманат» журналының алғашқы саны жарық көрді.
2002 жылы Алматыда қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың мұражай үйі ашылды.
2004 жылы Ресей Федерациясының Омбы қаласында қазақтың ұлы ғалымы, этнограф Шоқан Уәлихановқа ескерткіш орнатылды.
2005 жылы Қазақстанда «КАДА» Қазақ дизайн, сәулет және жобалық iстер қауымдастығы құрылды.
2006 жылы Алматыдағы «Өнер» баспасы көрнекті қоғам және мәдениет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің (1931-1998) «Қазақ киімі» атты кітабын басып шығарды.
2006 жылы Өскемен қаласындағы «Қазмырыш» акционерлік қоғамының металлургиялық кешеннің электролиз цехында анодтарды суық жұқарту заманауи желісі іске қосылды. Оның ішіндегі қорғасынның төмендеуіне байланысты таза катод мырышын алуға мүмкіндік береді.
2006 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театрында «Қазақтар» атты тарихи драманың премьерасы өтті.
2007 жылы Семей мемлекеттік университетінің жанындағы «ХХІ ғасыр және Шәкәрім әлемі» атты ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері зерттеулер жүргізу барысында қазақ ақыны және философы Шәкәрiм Құдайбердиевтiң өмірбаянының осы уақытқа дейін белгiсiз болып келген айғақтарын тапты.
2007 жылы Парижде Мұстафа Шоқай атындағы қазақ-француз достығының қоғамы ашылды.
2007 жылы әлемге танымал марафоншы қарағандылық Павел Сиротин «Бейбітшілік елшісі» атағын алды.
2008 жылы Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы ғимаратының алдында ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұланға ескерткіш ашылу салтанаты болды.
2008 жылы Жамбыл атындағы халықаралық және Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты Жабал Ерғалиевтың «Бұлтты түнгі толған ай» атты жаңа шығармалар жинағы жарық көрді.
2009 жылы Қазақстан Республикасы ресми түрде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) төрағалары «Үштігінің» құрамына кірді.
2009 жылы Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Бiрiншi Президентiнiң алғашқы Интеллектуалдық мектебі ашылды.
2010 жылы Белгілі айтыскер ақын, марқұм Оразалы Досбосынов туралы «Айтыстың көркемдік әлемі (О.Досбосынов шығармалары негізінде)» атты зерттеу кітап жарық көрді.
2010 жылы Мәскеуде Даңқты қолбасшы, Кеңес одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына орай, «Аңыз батыр» («Легендарный батыр») жинағы жарық көрді.
2011 жылы Қазақстанда «Hyundai» жүк көліктері мен автобустарын құрастыратын зауыт ашылды.
2011 жылы Мемлекет басшысы «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы деп жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды.
2012 жылы Алматыда тұңғыш рет Мағжан Жұмабаевтың «Табалдырық. Манифест» кітабының баспа нұсқасы шықты.
2013 жылы «Қазақфильм» АҚ шығарған Әмір Байғазиннің «Үйлесімділік сабақтары» туындысы Халықаралық кино қорының (Berlinale World Cinema Fund) сыйлығына ие болды.
2013 жылы Таразда «Құрылыс полимер» ЖШС полимерден жасалатын құрылыс материалдарын өндіру зауыты ашылды.
2014 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды.
2014 жылы қазақстандық режиссер Әмір Байғазиннің «Үйлесімділік сабақтары» картинасы француздың Анже қаласында өткен Халықаралық «Premiers Plams» кинофестивалінде Гран-при жүлдесін иеленді.