7kun.kz 1991 жылдан бері қазан айында Қазақстан Республикасы басынан өткерген елеулі оқиғаларға шолу әзірлеп, назарларыңызға ұсынады.
1991 жылы ғарышқа ұшпай тұрып-ақ, Кеңес Одағының Батыры атанған жерлесіміз, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров КСРО ғарышкер-ұшқышы Александр Волков, Австрия Республикасының азаматы Франц Фибек үшеуі «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды.
1991 жылы Қазақ КСР-інің Президентін сайлау туралы Заң қабылданды. Осы Заңға сәйкес ел көшбасшысын таңдау жолындағы бүкілхалықтық бірінші сайлау өтті.
1992 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресінің көшбасшыларының бірі Жанқожа батырға ескерткіш орнатылды.
1992 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ішкі әскері құрылды.
1993 жылы ақын Жұмекен Нәжімеденов тұрған үйге ескерткіш орнатылды.
1993 жылы Алматыда жазушы Ілияс Есенберлиннің музейі ашылды.
1994 жылы «Қазақтелеком» ААҚ компаниясы құрылды.
1994 жылы Астананың Революция көшесінде (қазіргі Сейфуллин к-сі) ақын Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойына орай ескерткіші ашылды.
1994 жылы Н. Ә. Назарбаев Түркияға ресми сапармен барды. Сапар барысында Түркия мен Қазақстан арасындағы Достық пен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды.
1995 жылы Қазақстанда Диабет ассоциациясы құрылды.
1995 жылы ірі ақпараттық медиахолдинг «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның тарихы басталды.
1996 жылы Алматыда алғаш рет «Айналайын» халықаралық балалар шығармашылығы фестивалі өтті. Ұйымдастырушысы - «Бөбек» балалар қоры.
1996 жылы Алматыда жазушы Балғабек Қыдырбекұлының тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.
1997 жылы Алматыда Қазақстанның Халық жазушысы Қалижан Бекхожин тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
1997 жылы Алматыда академик Мұхамеджан Қаратаев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы құрылды.
1997 жылы Алматыда Кеңес одағының батырлары Ә.Молдағұлова мен М.Мәметоваға ескерткіш ашылды.
1998 жылы Астанада алғаш рет жас таланттардың «Шабыт» республикалық фестивалі өтті.
1998 жылы скрипкашы Айман Мұсақожаеваға ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем әртісі» жоғары атағы берілді.
1999 жылы қалалық әкімшілік шешімімен Алматы қаласының кітапханалар күні белгіленді.
[caption id="attachment_22522" align="aligncenter" width="800"] ?[/caption]2000 жылы Астанада К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры өзінің алғашқы театрлық маусымын ашты.
2000 жылы Павлодарда Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш ашылды.
2003 жылы Қазақстанда алғаш рет Азаматтық форум өтті.
2003 жылы Астанада Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер съезі басталды.
2004 жылы Алматыда «Деректі фильмнен көркем киноға дейін» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі БҰҰ-ның 60 жылдығына орай 100 теңгелік мерекелік ақшаны айналымға шығарды.
2006 жылы астанамызда Ауғанстан соғысына қатысушыларға арналған «Боздақтар мәңгі жадымызда. 1979-1989» атты естелік кітаптың тұсаукесер рәсімі болып өтті.
2006 жылы Оралда ұшқыш, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова туралы деректі фильмнің көрсетілімі болып өтті.
2007 жылы Елбасы Каспийдегі жаңа «Ақтау Сити» қаласының алғашқы іргетасын қалады.
2008 жылы Қазақстан Республикасында алғаш рет «Қазпошта» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен «Бірінші республикалық пошта маркаларының коллекциясын жинаушылар съезі» болып өтті.
2008 жылы Астанада аналар мен балалар үшін «Sabi» клубы жұмыс істей бастады.
2009 жылы Павлодарда облыстың білім саласының үздік қызметкерлері таныстырылған «Алтын қор» жинағы жарық көрді.
2009 жылы Қазақстанда www.yandex.kz порталының іздестіру жүйесі ашылды.
2009 жылы Оралдағы «Қазақстан» кинотеатрында «Біржан сал» көркем фильмінің таныстырылымы болды.
2010 жылы Ұлы Абайдың отанында, Семейде және Абай ауданында қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 165 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтті.
2010 жылы қазақстандық музыкант Марат Бисенғалиев ол құрған Батыс Қазақстан филармониялық (WKPO) және Үндістан симфониялық (SOI) оркестрлерінің жетістіктері үшін Азия және Тынық мұхиттағы аймақтардың симфониялық оркестрлер (AAPRO) Альянсяның басшылық құрамына сайланды.
2011 жылы Қарағандыда Қазыбек би ескерткіші ашылды.Ескерткіш авторы - астаналық мүсінші Мұрат Мансұров. Қоладан жасалған мүсіннің биіктігі 6 метр.
2011 жылы Алматыда қазақ композиторы, Халық Қаһарманы, ҚР Мемлекеттік сыйлық иегері, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіші ашылды.
2012 жылы бұрын Түркия астанасы Анкарада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде», «Қазақстан жолы», «Сындарлы 10 жыл», «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында» атты Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігі түрік тілінде шығарған таңдамалы туындылары көптомдығының таныстырылымы болды.
2013 жылы бұрын Әлемдік әдебиеттің көрнекті өкілі, парсы-тәжік ақыны Фирдоусидің «Шахнаме» дастаны Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада таныстырылды.
2013 жылы бұрын Павлодарда ақын және драматург Қалижан Бекхожинге ескерткіш орнатылды.
2013 жылы Таразда Төле бидің 350 жылдығына орай ескерткіш қойылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024