Экономика
IT, Технология
Қазақстан әскері әлемдік рейтингте 14 орынға жоғары көтерілді
Қазақстан әскері Global Firepower ұйымы жаңалаған әлемдік рейтингте жоғары көтеріліп, 126 елдің ішінен 66-орынға шықты. Осыған дейін отандық әскер 80-орында тұрған еді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Зерттеушілер 50 фактор негізінде есептеп шығарылатын "соғыс қуаттылығы индексін" анықтады. Олардың арасында әсери қызметке жарамды халық саны, құрлықта, теңіз бен ауада әскери әрекеттер жүргізе алатын әскери техника саны деген көрсеткіштер бар. Сондай-ақ, экономикалық ресурстары, мұнай өнімдерінің экспорты мен өндірісі, қаруландыруға жұмсалатын шығын көлемі де есепке алынған. Рейтинг қатысушыларының географиялық орналасуы да рол атқарды. Айта кетейік, барлық мәліметтер ашық дереккөздерден алынған.
Рейтинг құрушылардың пікірінше, Қазақстан әскерінің негізгі қуатын билік шетелден сатып алған қарулар қамтамасыз етеді. Global Firepower мәліметі бойынша, қазақстандық әскерилерде 300 танк, 1,6 мың брондалған көлік, 744 артиллериялық қару және 393 зеңбірек жүйесі бар. Соңғы жарты жыл ішінде Қазақстанда ұшатын аппараттар саны 233 бірлікке дейін көбейтілген. Олардың арасында 100 ұшқыр ұшақ пен 84 тікұшақ бар.
Адам саны 18 млн болатын елдің 8,3 млн азаматы мемлекетті қорғауға дайын. Global Firepower мамандарының мәліметінше, Қазақстан әскерінің бюджеті 2,4 млрд долларды құрайды.
Ал жалпы тізімдегі бірінші орында АҚШ тұр. Елдегі әскери қимылдарға дайын адам саны 145 млн-нан асады. Екінші орындағы Ресейде бұл көрсеткіш 69 млн адамға тең. Үштікті қорытындылайтын Қытайда 749 млн адам елін қорғауға дайын. Сондай-ақ бірінші ондықта Үндістан, Ұлыбритания, Франция, Германия, Түркия, Оңтүстік Корея және Жапония бар. Соңғы орынға африкандық Мозамбик, Сомали және Мали республикалары жайғасқан.
Айта кетейік, Қазақстан әскері жақында 4++ буынындағы жаңа СУ-30СМ ұшқыр ұшақтарымен толықты. Олар Талдықорғандағы авиациялық базаға әкелініп, ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты.