Қазақстан Республикасы өз активіндегі алтын қорын соңғы 28 айда тек өсіріп отыр. Дәл осы жағдай Украинада қайталануда. Украинаның алтын қоры өткен жылдың тамыз айынан бастап өсе бастады. Ал Ресей алтын сатып алуын тоқтатты. Бұл туралы Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мәлімдеді.
Осы жылдың қаңтарында Қазақстан алтын түріндегі активтерінің көлемін 193,5 метрлік тоннаға дейін жеткізді. Аталған көрсеткіш 2014 жылдың желтоқсанында 191,8 болатын. Украинаның алтын қоры 23,6 тоннадан 23,9 тоннаға дейін жетті. Ресей болса наурыз айынан бері тұңғыш рет алтын активтерінің көлемін 1208,2 тоннадан 1207,7 тоннаға дейін қысқартты.
Соңғы 12 айдың ішінде Қазақстанның алтын қоры 33%-ға өсті, ал соңғы 3 жыл ішінде екі есе артты.
Қаңтар айында алтынның Лондон биржасындағы бағасы 8,4%-ға қымбаттады. Бұған Еуропа пен Азиядағы экономикалық дамудың саябырсуы және Грекияның Еуроодақ құрамынан шығуы мүмкін деген инвесторлардың болжамы себеп болған-ды.
Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024