Қазақстан Ресейге Қытай аумағына газ жеткізудің балама нұсқасын ұсынды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Коммерсант" жариялаған деректерге сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстан «Газпромға» газды Қытайға экспорттау үшін елде бар инфрақұрылымды пайдалануды ұсынып отыр.
Ресей-Қытай газ құбырын Алтай арқылы Қытайға өткізуді екі ел жоспарлап қойған болатын. 2014 жылдың жазында Астанада осы газ құбырын Қазақстан, соның ішінде Астана арқылы салып, қытайлық шекарадан Қорғас немесе Алашанқоу шекара бекетінің маңына әкелу ұсынылған болатын.
«Газпром» Қазақстанның оңтүстік облыстарын Бұқара-Урал газ құбыры арқылы газбен қамтамасыз етуде.
«Газды осы бағыт бойынша Қытайға жеткізуге қатысты қызығушылық, әрине, бар», - деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024