2015 жылдың 18-19 маусым күндері Қазақстанда алғаш рет ірі "Be in BF" бизнес-фестивалі өтеді. Фестивальдың ұйымдастырушысы - "Бинес фабрика" коворкинг орталығы.
Бизнес-фестивальдың бағдарламасында - нон-стоп режимінде өтетін бизнесті дамытуға және тұлға ретінде өсуге қатысты 30-дан астам мастер-класс, бизнес жұлдыздарымен ( Марат Әбиев, Петр Осипов, Михаил Дашкиев және т.б.) өтетін клуб, интерактивті және нетворкинг алаңдар, бизнес фестивалі, қызмет ұсыну жәрмеңкесі. Бұл іс-шара өз аясында 5 мыңнан астам кәсіпкерлер мен компанияларды топтастырады. Фестиваль шеңберінде интерактивті және нетворкинг алаңдар, бизнес фестивалі, қызмет ұсыну жәрмеңкесі ұйымдастырылады, жәрмеңкені жұмыс іздеу мен қызметкерлерді жұмысқа алудың жетекші қазақстандық онлайн-ресурсы "Head Hunter" ұйымдастырады. Жәрмеңкеде "Speed Dating" форматында танысу және еңбекпен қамту жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі. Фестиваль аудиториясы:- ірі компаниялардың өкілдері - Фестивальдің серіктестері мен демеушілері;
- бизнес жетекшілері мен иелері, компаниялардың топ-менеджерлері;
- шағын және орта бизнес кәсіпкерлері;
- стартап-жобалар;
- БАҚ (ТВ, радио, газет-журнал, интернет-портал өкілдері);
- фрилансерлер, шығармашылықпен айналысатын жастар;
- белсенді аудитория, новаторлар;
- ерлер мен әйелдер;
- Алматы мен Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындары;
- Қазақстандықтар және шетелдік қонақтар.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024