Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда алғаш рет "Be in BF" бизнес-фестивалі өтеді

Қазақстанда алғаш рет "Be in BF" бизнес-фестивалі өтеді

2015 жылдың 18-19 маусым күндері Қазақстанда алғаш рет ірі "Be in BF" бизнес-фестивалі өтеді. Фестивальдың ұйымдастырушысы - "Бинес фабрика" коворкинг орталығы.

Бизнес-фестивальдың бағдарламасында - нон-стоп режимінде өтетін бизнесті дамытуға және тұлға ретінде өсуге қатысты 30-дан астам мастер-класс, бизнес жұлдыздарымен ( Марат Әбиев, Петр Осипов, Михаил Дашкиев және т.б.) өтетін клуб, интерактивті және нетворкинг алаңдар, бизнес фестивалі, қызмет ұсыну жәрмеңкесі. Бұл іс-шара өз аясында 5 мыңнан астам кәсіпкерлер мен компанияларды топтастырады. Фестиваль шеңберінде интерактивті және нетворкинг алаңдар, бизнес фестивалі, қызмет ұсыну жәрмеңкесі ұйымдастырылады, жәрмеңкені жұмыс іздеу мен қызметкерлерді жұмысқа алудың жетекші қазақстандық онлайн-ресурсы "Head Hunter" ұйымдастырады. Жәрмеңкеде "Speed Dating" форматында танысу және еңбекпен қамту жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі. Фестиваль аудиториясы:
  • ірі компаниялардың өкілдері - Фестивальдің серіктестері мен демеушілері;
  • бизнес жетекшілері мен иелері, компаниялардың топ-менеджерлері;
  • шағын және орта бизнес кәсіпкерлері;
  • стартап-жобалар;
  • БАҚ (ТВ, радио, газет-журнал, интернет-портал өкілдері);
  • фрилансерлер, шығармашылықпен айналысатын жастар;
  • белсенді аудитория, новаторлар;
  • ерлер мен әйелдер;
  • Алматы мен Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындары;
  • Қазақстандықтар және шетелдік қонақтар.
Толығырақ ақпарат мына жерде. Өткізілетін орны: Алматы қ., Almaty Towers ОСК  

Похожие материалы