Экономика
Қазақстанда алкоголь өнімі қымбаттайды
Қазақтанда алкоголь өндірісінің жұмысы келесі жылы 30-35%-ға төмендейді. Бұл туралы "Қазалко" ассоцияциясының перзиденті Әміржан Қалиев Астанада өткен брифингте мәлімеді деп хабарлайды LS.
"2015 жылы өткен жылмен салыстырғанда спирт акциздерінің 20%-ға өсуі алкоголь өндірісін 30% немесе 20%-ға қысқаруы мүмкін. Ең алаңдатарлық жағдай 2016 жылы болады. Осыған қатысты салық Кодексіндегі спирт бағасы 640 теңгеге дейін көтеріледі. Нәтижесінде өндіріс көлемі 30-35%-ға қысқарып, акциз көлемі жоспарланған көлем бойынша 60%-дан аспайды", - деді Ә. Қалиев.
"Қазалко" басшысының мәлімдеуінше, акциз мөлшерлемесінен бөлек есептелген 8,3 млрд теңгенің 4 млрд теңгеден астамы акциз салығына кетуі мүмкін.
Оның сөзінше, Қазақстандағы спиртті өнімнің бір құтысы 800 теңге болып, ресей өнімінен де қымбат болады. Себебі Ресейдегі алкоголь өнімі өндірісінің қуаты біздің өндірісімізге қарағанда әлдеқайда қуатты.
"Бәсекеге қабілетті шарттар болу үшін біздегі салық шығыны 25-30%-ға аз болу керек", - деді "Қазалко" ассоциясиясының президенті.
Сондай-ақ, Ресейдегі акциз мөлшерлемесі өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға төмендеген. Қырғызстанның алкогольдік акциздері де Қазақстанмен салыстырғанда 2,5 есе арзан. ЕАЭО-да арзан алкоголь өнімдері барынша көбеюде.
"Экономикалық дағдарыс пен халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуіне байланысты бизнестегі салық жүйесін көбейту мен бөлшек бағаны көтеру дұрыс емес. Бұл үкімет тарапынан негізсіз және қате қадам", - деді Әміржан Қалиев.