Оның айтуынша, заңның іске асырылуы қарызы барлардың бизнесін сақтап қалуға  мүмкіндік береді.

«Бұл жұмыс орындарының, салық салынатын базаның сақталуы. Сондай-ақ, заң оңалту және банкроттық рәсімдерін өткізу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді», - деді Е.Нұрланбаев.

Оның мәлімдеуінше, Дағдарысқа қарсы жоспарды орындау мақсатында оңалту мен банкроттықтың, сонымен қоса, төлеуге қабілетсіздікті реттеудің жаңа тетіктерін жүзеге асыру бойынша әрекеттердің жоспары бекітілген.

«Қаржы министрінің бұйрығы негізінде ведомствоаралық көшпелі жұмыс тобы құрылды. Ағымдағы жылдың наурыз бен мамыр аралығында бизнес, екінші деңгейлі банк, қоғамдық ұйымдар, БАҚ және мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен заңның артықшылықтары мен тетіктері туралы семинарлар өткізілді. Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - деді ол.