"Астана Моторс" қазақ мотор компаниясы Hyundai-дың тағы төрт үлгісін жинап бастамақ. Олар - Santa Fe, Sonata, Grandeur және Genesis. Бұл туралы компанияның атқарушы директоры Антон Афонин хабарлады.
"Біз қазір Hyundai компаниясымен Santa Fe, Sonata, Grandeur және Genesis үлгілерін шығарып бастауға қатысты келіссөздерді жүргізіп жатырмыз. Біріншісі Қазақстанда кеңінен танымал Santa Fe ірі кроссовері болуы тиіс. Отандық жинақталудағы бұл үлгінің базалық нұсқасының бағасы 30 мың долларға дейін болмақ және жеңілдікті автнесиелеу бағдарламасына енгізілуі мүмкін", - деп мәлімдеді А.Афонин.
Оның айтуынша, бұл үлгіден кейінгілері Grandeur және Genesis бизнес-седандары болуы мүмкін.
"Бұл статусы жоғарырақ үлгілер, бұлар мемлекеттік құрылымдарды қызықтыруы мүкмкін. Соңғысы болып конвейерге орта кластағы седан Sonata тұрғызылады. Бұған қоса, жылдың аяғына дейін танымал Tucson шағын кроссоверінің жаңа буынын күтіп отырмыз (...) Біз Hyundai-дың өз көліктерін Қазақстанда жинау мүмкіндігін беруін асыға күтудеміз", -деді А.Афонин.
Қазіргі кезде компания Hyundai-дың үш үлгісін жинайды: i30 гольф-классындағы хэтчбегі, "С" сегментіндегі Elantra седаны және Тucson шағын кроссовері.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024