Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда кино билеттері 16%-ға қымбаттаған

Қазақстанда кино билеттері 16%-ға қымбаттаған

Қазақстанда бір жыл ішінде кино билеттері 16%-ға, театр билеттері 10,8%-қа қымбаттаған. Бұл туралы energyprom.kz сараптмамалық қызметі хабарлайды. Ең қымбат кино билеттері Атырауда болса, Алматыда театр билеттерінің бағасы  өскен.

2016 жылдың мамыр айында ірі қалалар арасында жүргізілген сараптамаға сәйкес, 2015 жылы билеттер Тараз қаласында 531 теңгеден бірден 1000 теңгеге қымбаттаған. Көкшетау қаласындағы билеттер 50%-ға қымбаттап, 1500 теңгеге жеткен. Сондай-ақ, Қызылорда(бір жыл ішінде билет құны на 32,7%-ға қымбаттап, 1300 тг құрады), Семей (28,4%-ға қымбат, 1063 тг ) Астана (26,5% қымбат, 1446 тг ) қалаларында да билет құны өскен.

Ең қымбат кинотеатр билеттері Атырау қаласында (1 сеанс үшін орташа баға - 1600 теңге, бір жылда +10,4% ). Ең арзан билет Петропавлда. Бұл қаладағы баға 2015 жылдан бері 949 тг деңгейінде сақталған.

Ал ең қымбат театр билеттері Алматы қаласында. Мұнда билеттің орташа бағасы 1993 тг. Бір жыл ішінде 25,3%-ға қымбаттаған. Арзан билет Қызылордада. Қалада билет құны 2015 жылдан бері 400 тг.

Похожие материалы