Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда кредиттеу жүйесіндегі делдал компаниялардан арылуды ұсынды

Қазақстанда кредиттеу жүйесіндегі делдал компаниялардан арылуды ұсынды

Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz - Мәжілісмен Аманжан Жамалов микрокредиттердің пайыздық мөлшерлемесін төмендету үшін қарыз беру жүйесіндегі делдал компанияларды алып тастауды ұсынды. Атап айтқанда ауыл шаруашылығына қаржылай көмек көрсететін инстиуттар мен "Даму" қорын сонымен қатар, Аграрлы кредиттік корпорациясын жүйеден шығару керек деп есептейді.

Депутат қазіргі шағын кредит беру механизмі оның қымбаттауына себеп болып отыр деп есептейді. Бұл жүйе бойынша жергілікті атқарушы органдарға 7 жылға 0,01 пайызбен бюджеттік қарыз беріледі. Одан әрі қаражат квазимемлекеттік секторға - Аграрлы кредиттік корпорация, "Даму" және ауыл шаруашылығына қаржылай көмек беретін қорларға 0,01 пайызбен ұсынылады. Ал бұл компаниялар микроқаржылық ұйымдарға 1-2 пайызбен қарыз береді. Осылайша болашақ бизнесмендер ақшаны 6%-бен алады. 

А.Жамалов "Микрокредиттегі пайыздық мөлшерлемені төмендету үшін "Даму" және ауыл шаруашылық кредиттік корпорациялармен қаржылық серіктестікті тоқтатқан жөн. Сонымен қатар, кепілдік құралдары мен шағын кредитке берілетін бюджет қаражатын қайта бөліп, кепілдік құралдарынан бас тарту қажет" деген ұсыныс айтты.

Бұдан бөлек депутат микрокредиттерге берілетін кепілдікті қымбат әрі қажетсіз деді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында бизнес бастағысы келетін кәсіпкерге алған қарызының 85 пайызына, ал бизнесі бар кәсіпкерге 50 пайызына кепілдік беріледі. 2017-2021 жылдары 7 мың кепілдік беріледі деп жоспарланып отыр. Оның 3,8 мыңы ауылды жерлерге, 3,2 мыңы қалалы жерлерге тиесілі.

"Кепілдіктің ауылдардағы операторы - "ҚазАгроГарант", ал қалаларда "Даму". Солай бола тұра, "Даму" мен "ҚазАгроГаранттың" қаржылық жағдайының тұрақсыздығы көпшілікке аян. Яғни, бұл екі компанияның кепілдік беру функцияларын орындай алуы нақты белгілі емес", - деп атап өтті депутат.

Оның айтуынша, елді-мекендердегі микрокредиттердің кепілдік комиссиясы 30%, ал қалада 20%.

Аманжан Жамалов шағын кредит берудегі операторлар ретінде Әлеуметтік-кәсепкерлік корпорацияларын (ӘКК) қарастыруды ұсынды. Бұл корпорациялар жергілікті меморгандардан тікелей қарыз ала алады. "Жаңа талап бойынша, қарапайым халық ақшаны 2-3 пайыздық мөлшерлемемен алуы тиіс. ӘКК барлық қаржылық тәуекелдер мен шығындарды, оның ішінде микрокредиттердің азаматтық сот ісі тәртібімен қайтарылуын өз мойнына алады", - деп қорытындылады депутат.

Похожие материалы