Экономика
Қазақстанда пойыз билетінің құны 70%-ға дейін төмендеді
"Қазақстан темір жолы" ұлттық тасымалдаушы 2015 жылдың 17-қыркүйегінен бастап жоғары жылдамдықтағы «Тұлпар-Тальго» поездінің бірнеше бағытына 40%-ға дейінгі жеңілдіктер болатындығын жариялайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған дейін енгізілген "Тұлпар-Тальгоның" жолақы бағасының динамикалық жеңілдіктері мен дисконтты карталары да сақталады. Олар 3 түрлі жолмен есептелінеді:
"Құрмет" - 60 және одан жоғары жастағы егде адамдар үшін, 30% жеңілдік;
"Жастар" - 16-25 жас аралығындағы жастар үшін, 30% жеңілдік;
"Саяхатшы" - тұрақты клиенттерге 10%-20% жеңілдік береді
Осылайша, дисконттық картасы бар жолаушылар "Грант" және "Бизнес" класстарына жаңа жеңілдіктер мөлшерін қосқанда 70%-ға дейін дисконт ала алды.