Елімізде рубльге сұраныс артты, деп хабарлайды ranking.kz. Өткен сәуір айында айырбастау пункттері ресей валютасын 81,6 миллиард теңгеге сатқан. Айлық өсім – 10,5 пайызды көрсетті.
Бұл сәуірде сатылған еуродан 3,6 есеге көп. Мысалы: еуропалық валюта тек 22,6 миллиард теңгеге сатылған. Рубльге ең жоғары сұраныс Алматыда болған. Қала тұрғындары 14,2 миллард теңгеге, Астаналықтар 12 миллард теңгеге, Шығыс Қазақстандықтар 10,2 миллард теңгеге, Қарағандылықтар 5,8 миллиард теңгеге рубль сатып алған. Бұдан кейінгі орында Оңтүстік Қазақстан тұрғындары 2,1 миллард теңгеге, Маңғыстаулықтар 2,6 миллиард теңгеге ресей валютасын айырбастаған. Ал, Ресейдің өзінде рубль құны түсуде. Мәселен, өткен бір аптада долларға қарсы 5% құнсызданған. Локо-банк сарапшысы Виталий Лакеев gazeta.ru-ға берген сұхбатында "бес пайыздық төмендеу қаңтар айынан бері болмаған еді" дейді. Көктем бойы доллар мен еуроға қарсы рубль 10 пайызға қымбаттаған еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024