Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда рульге сұраныс артты

Қазақстанда рульге сұраныс артты

Елімізде рубльге сұраныс артты, деп хабарлайды ranking.kz. Өткен сәуір айында айырбастау пункттері ресей валютасын 81,6 миллиард теңгеге сатқан. Айлық өсім – 10,5 пайызды көрсетті.

Бұл сәуірде сатылған еуродан 3,6 есеге көп. Мысалы: еуропалық валюта тек 22,6 миллиард теңгеге сатылған. Рубльге ең жоғары сұраныс Алматыда болған. Қала тұрғындары 14,2 миллард теңгеге, Астаналықтар 12 миллард теңгеге, Шығыс Қазақстандықтар 10,2 миллард теңгеге, Қарағандылықтар 5,8 миллиард  теңгеге рубль сатып алған. Бұдан кейінгі орында Оңтүстік Қазақстан тұрғындары 2,1 миллард теңгеге, Маңғыстаулықтар 2,6 миллиард теңгеге  ресей валютасын айырбастаған.   post1432885165pu29 Ал, Ресейдің өзінде рубль құны түсуде. Мәселен, өткен бір аптада долларға қарсы 5% құнсызданған. Локо-банк сарапшысы Виталий Лакеев gazeta.ru-ға берген сұхбатында "бес пайыздық төмендеу қаңтар айынан бері болмаған еді" дейді. Көктем бойы доллар мен еуроға қарсы рубль 10 пайызға қымбаттаған еді.

												
											

Похожие материалы