
Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz - Қазақстан әскери роботтар жасап шығарады.
Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Мәжілістегі үкімет сағаты барысында екі ғылыми-зерттеу институтымен бірігіп, арнайы орталық ашқандарын хабарлады. Ондағы мақсат әскери шеберлік пен қаруландырудың болашағы жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізу.
"Әскери-ғылыми орталығымыздың бірінші жобасы - ұшқышсыз ұшатын аппараттың үлгісін жасадық. Мен аппаратты көріп, оны әскери сынақтардан өткізуге бұйрық бердім. Олар қазір әскери роботтың жобасымен айналысып жатыр", - деді министр.
Сондай-ақ, ол жұмыс істеп жатқан ғылыми институттарда 16 ғылым докторы, 28 кандидат, 47 магистр бар екенін атап өтті. "Меніңше, қаржыландыруды ескеретін болсақ, олар осы бағыттағы жұмысты орындап шыға алады", - деді министр Сәкен Жасұзақов.