Экономика
Қазақстанда соңғы екі айда негізгі капиталға жасалынған инвестиция 2,5%-ға артты
Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында негізгі каптиалға жасалынған инвестициялар 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға артып, 560,8 млрд теңгені қамтыды деп хабарлайды Экономика министрлігінің статкомитеті.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, инвестициялық алымдар үшін тау-кен өнеркәсібі мен карьерлердің өндірісі (45%), көлік пен қоймалау (11,5%) және жылжымайтын мүлік операциялары (13,3%) тартымды болып отыр.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің дербес қаражаты инвестициялардың басты көзі болып қала беруде, 2015 жылдың қаңтар-ақпанында олардың меншікті салмағы 69,5% болды, мемлекеттік бюджет қаражатының үлесі - 4,6%, банк несиелерінің үлесі - 5,1% (мұның ішінде шетел банктерінің несиелері - 0,1%) және қарыз қаражаты – 20,8% (мұның ішінде бейрезиденттердің қарыз қаражаты - 17,6%).
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024