Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz - Тұрғын үй салу көлемі 6,5%-ға өсті. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысы барлық қаржы есебінен 14,2%-ға ұлғайды немесе ол 8 млн шаршы метрді құрады. Көп пәтерлі тұрғын үй құрылысының көлемі 24,6% -ға өсті немесе 4 млн ш/м, ал жеке тұрғын үй құрылысының көлемі 5,7-ға немесе ол 4 млн шаршы метрге жуық. «9 мың кредиттік пәтер үшін Ұлттық қор 2016-2017 жылдарға 67 млрд теңге бөлді. Әкімшілдік 38,2 млрд теңгеге облигация шығарды, оның 23,1 млрд теңгесі жұмсалды», - деді Мархабат Жайымбетов. Сонымен қатар Астана әкімдігіне 905 кредиттік пәтер салу үшін 8,6 млрд теңге бөлінді. Оның 1,7 млрд теңгесі 2016 жылға арналған. Ал Алматы қаласының әкімдігіне 7,1 млрд теңге бөлінді оған 605 кредиттік пәтер немесе 39,5 шаршы метр тұрғын үй салыну тиіс. 2016 жылға мегаполиске 2,9 млрд теңге бөлінді. Атап айтқанда, 2016 жылы Алматы қаласының әкімдігіне универсиаданың төрт нысанын салу үшін 7 млн теңге бөлінді. Құрылыс мерзімі 2017 жылдың 10 желтоқсанында аяқталуы тиіс.Айжан Тынышбек "7"





