Экономика
Қазақстанда теңіз кемелері сатылымға шығарылды
Еліміздегі ұлттық теңіз кеме компаниясы акцияларының бақылаушы пакеті аукционға қойылуы мүмкін. «Қазтеңізкөлікфлот" ҰТКК» ЖШС бүгінде инвесторларға бірден 51 пайыз акциясын сатуды қарастырып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
Ұлттық компанияның бақылаушы пакетіне негізінен қытайлықтар мен еуропалықтар қызығушылық танытқан. Келісім құны шамамен 60 миллион долларды құрайды.
Айта кетейік, флот осыған дейін акциясының 49 пайызын саудаға шығарғанымен, ешкім сатып алмаған. Қазіргі таңда компанияның еншісінде 21 су көлігі болса, соның сегізі - мұнай тасымалдайтын танкер. Ақтау порты арқылы мұнай айдау айтарлықтай азайғандықтан, екі кеме қазір Қара және Жерторта теңіздерінде жүзіп жүр. Ал компанияны дамытып, жаңа флот құру үшін 200 млн доллар инвестиция қажет. Алайда қаржы «Қазтеңізкөлікфлотта» да, оның бастты акционері «Қазмұнайгазда» болмай отыр.
Фото: www.aktau-business.com