Қазақстанда тегін видеохостинг жүктейтін vimeo.com сайты бұғатталды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұдан бөлек, тағы оннан аса сайтқа тыйым салынды.
Видеограф Дмитрий Макеевтың мәлімдеуінше, бұғаттау туралы шешім 2015 жылдың 7 қыркүйегінде қабылданған. "Кеше бұл сайттың ашылмай тұрғаны мәлім болды. "Қазақтелеком" компаниясы аталған ресурсқа рұқсат Астанадағы Есіл ауданы сотының 2015 жылғы 7 қыркүйегіндегі №2-3640-15 шешімі бойынша тоқтатылды деп хабарлады", - деді Д. Макеев
Естеріңізге сала кетейік, сайттың сот ісі туралы анықтамасында шешім 2015 жылдың 14 тамызында қабылданған. Сотқа арыз беруші байланыс комитетіне, ҚР инвестиция және даму министрлігінің ақпараттандыру және ақпарат бөліміне арызданған. Ал жауапкерлердің саны vimeo.com-ды қосқанда оннан асады.
Макеев танымал сайтты бұғаулаудың себебін жеке сот ісін атқарушы "сайт радикалды ағымды насихаттауына байланысты жабылды" деп хабарлауымен байланысты деп түсіндірді.
"Сайтпен жұмыс істеу кезінде біз ешқандай радикалды видеоларды көрген жоқпыз. Керісінше, шығармашылық адамдары үшін таптырмас сайт ", - деді Д.Макеев. Сондай-ақ, Димитрий сайт тек "Қазақтелеком" провайдерінде ғана ашылмайтынын байқаған. Енді сайттың Қазақстанда бұғаулануына байланысты ұжым арыз жазуды қолға алды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024