Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz – Halyk Bank 2017 жылы Қазақстандағы ең үздік валюта айырбастаушы провайдер болды.
Halyk Bank Global Finance халықаралық басылымының зерттеуіне сәйкес «Валюта айырбастау операциялары нарығының Қазақстандағы 2017 жылы ең үздік провайдері» аталды («The Best Foreign Exchange Provider in Kazakhstan 2017»).
Бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін, Global Finance редакциясы салалық сарапшыларды, корпорациялардың басшыларын, технологиялар бойынша мамандарды жұмысқа тарта отырып, транзакциялар көлемі, компанияның нарықтық үлесі, жаһандық қамту ауқымы, клиенттік сервис деңгейі, баға бойынша бәсекеге қабілеттілік пен инновациялық технологияларды қолдану сияқты өлшемдерді ескеретін өзінің жеке әдістемесін қолданды. Зерттеу 104 ел мен әлемнің 7 аумағын қамтыды. Талдау шеңберінде қаржы институттардың 2017 жылы жұмысын сипаттайтын деректер қарастырылды.
«Halyk Bank-тың валюта айырбастау операцияларының қазақстандық нарығындағы белсенді қызметі - 2017 жылдың қорытындылары бойынша, беделді халықаралық басылымның жоғары марапатына ие болғанынына қуаныштымыз. Көптеген жылдар бойында біз экспорттық және импорттық қызметті Қазақстанда жүргізетін халықаралық қаржы институттар үшін ірі серіктес банк болып келеміз. Global Finance басылымының марапаты біздің жетістіктерімізді танудың нышаны деп бағалаймыз. Ол банктің ерекше сенімділігін, команданың кәсібилігі мен клиенттеріміз үшін қызмет көрсетудің жоғары деңгейін көрсетеді», — дейді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Ертай Салимов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024