Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы ВТБ банктің басқарма құрамына өзгерістер болды

Қазақстандағы ВТБ банктің басқарма құрамына өзгерістер болды

Алматы. 19 қаңтар. 7kun.kz - ВТБ банктің (Қазақстан) директорлар кеңесінің шешімі бойынша, корпоративтік клиенттермен жұмыс істеу департаментінің директоры Илья Константинович Яковлев банк басқармасының жаңа мүшесі ретінде тағайындалды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Илья Яковлевтің Қазақстан мен Ресейдің қаржы секторы бойынша 15 жылдық тәжірибесі бар. Әртүрлі қаржылық ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған. Сбербанк компанияларында алты жылдай корпоративті сектордың дамуына үлес қосқан. Сонымен қатар, Сбербанктің Қазақстандағы еншілес ұйымында да жұмыс істеген. Илья Константинович Г.И.Носова Магнитагор мемлекеттік техникалық университетін «Экономика және басқару» мамандығы бойынша аяқтаған. Одан бөлек, есеп және аудит саласында да жоғарғы білімі бар.

«Орта бизнес» сегментіндегі бизнес-модель трансформациясы – ВТБ тобы дамуындағы жаңа стратегияның негізгі бағыттарының бірі. Ол Қазақстандағы еншілес топта да басым рөл атқарады. Илья Константинович бұл жұмысқа қажетті барлық кәсіби құзыреттіліктерге ие және тәжірибесі мол маман. Ол кісінің келуі банктің корпоративті бөлігінің дамуы жаңа сапалы деңгейге өсетініне сенімдімін»,-деп атап өтті ВТБ (Қазақстан) басқармасының төрағасы Дмитрий Забелло.

 ВТБ Банктің Қазақстандағы еншілесі халықаралық қаржылық тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 7 жылға жуық жұмыс істеп келеді. Қазір АҚ «ВТБ банкі» (Қазақстан) 37 құрылымдық бөлімнен (оның 17-сі филилал) тұратын филиалдар жүйесіне ие. Банктің орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.

Похожие материалы