Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы жария ету науқаны тағы 1 жылға ұзарады

Қазақстандағы жария ету науқаны тағы 1 жылға ұзарады

Қазақстандықтарға мүлікті жария етуге байланысты мерзімді тағы бір жылға ұзартады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаевқа сілтеме жасап LS хабарлайды.

Шенеуніктің түсіндіруінше, мемлекет басшысынан мүлік пен қаржыны жария ету процедурасын жеңілдету туралы тапсырма келіп түскен. Сондықтан шараны 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту ұсынылып отыр. "Бұл 2017 жылы 1 қаңтарда енгізілетін жалпыхалықтық табысты мағлұмдауды бастауға дәл келеді", - деп атап өтті А.Теңгебаев. Оның айтуынша, қазір ведомство жария ету процесін жеңілдетіп, құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қуғындаудан қорғауға кепілдік беретін заң жобасын дайындап жатыр. Министрлік негізгі 3 опция ұсынады. Біріншісі - ақшаны сақтау міндетінсіз, жарна төлемінсіз және өз қалауынша шексіз пайдалану мүмкіндігімен банк есешотына енгізу. Еске салайық, бүгінде ақшаны депозитте 5 жыл сақтау немесе мемлекеттік құнды қағаздар сатып алу деген шектеулер бар. "Егер адам ақшасын 5 жыл бойы сақтағысы келмесе немесе рұқсат берілген құралдарды пайдаланғысы келмесе, ол 10 пайыздық жарна төлеуі қажет. Ақшасын банк есепшотына салуы міндетті", - деп атап өтті ол. Екінші норма ақшаны банк есепшотына салмай-ақ, бірақ міндетті түрде 10 пайыздық жарна төлеу қажет деген мүмкіндікті қарастырады. Үшінші өзгеріс жария ететін қаржыны жарна төлемінсіз Астана халықаралық қаржы орталығына инвестиция ретінде салуға мүмкіндік береді. Алдын-ала мәлімет бойынша, бүгінде 292 млрд теңгенің мүлігі жария етілген. Оның ішінде Қазақстан аумағында 30 900 обьект және 219 млрд теңгенің құнды қағаздары, шетелге 17 обьект және 636 млн теңгенің құнды қағаздары заңдастырылды. Енді ел үкіметі шетелдік есепшот бойынша декларация көрсетпегендер үшін жазаны қатаңдатпақ. "Егер бірінші рет болса, әкімшілік кодекс бойынша босатылады. Жағдайды түземесе, айыппұл көлемі 15 АЕК құрайды. Біз бұл норманы күшейтіп, есепшоты бойынша декларация көрсетпегендерге 250 АЕК көлемінде айыппұл салуды ұсынып отырмыз", - деді Теңгебаев. Айта кетейік, 2015 жылы 1 АЕК 1982 теңгені құрайды.

Похожие материалы