Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz - 2017 жылдан бастап көліктер бағасы көтеріледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығының басшысы Андрей Лаврентьев баспасөз конференция отырысында мәлімдеді.
«2010 жылы өндіріс қоры туралы келісімге қол қою кезінде біз жеңілдікті 2017 жылға дейін созамыз деп ойладық. Өйткені, бұл өндірушілердің Қазақстан нарығындағы автокөлік бағасын реттеуі үшін үлкен көмек болды. Бірақ Қазақстан әлемдік сауда ұйымына кіргендіктен, бізге сол ұйымның талаптарын орындауға тура келеді. Сондықтан өндіріс қорын қазақстандық кәсіпорындар үшін ұзарта алмадық. Бірақ үкіметпен бірге қосымша шаралар көрсетілді. Сонымен қатар, 2017-2018 жылдарға қосымша қаржыландыру жүргізіледі. Әзірге мен сіздерге нақты соманы айта алмаймын. Біз жалпы нарықты есептеп, өндіруші мен тұтынушыға қандай қолдау қажет екендігін қарастырып жатырмыз»,-деп түсіндіріп өтті Андрей Лаврентьев.
Дегенмен Ассоциация жетекшісі жеңілдікпен автокредиттендіру бағдарламасының арқасында бағаның қымбаттауы сұранысты төмендетпейтініне сенімді.
«Баға ақырындап көтеріледі, ал сұраныс жалпы нарықта тек 6,5%-ға ғана азаяды. Егер сараптап көрсек қазір тұтынушыға автокөліктің бағасынан гөрі өндіру механизмі маңыздырақ. Біз нарықта көріп отырмыздай, көп мөлшерде кредиттендіру қазақстандық автокөліктерге беріледі. Ол 70%-ға дейін жетеді»,-дейді ҚАБА басшысы.
Қазақстан даму банкі 2017 жылдың 12-ші қаңтарына дейін, 4%-дық мөлшерлемемен автокредит алу үшін келген 8519 өтінішті қаржыландырды. Азаматтарға бөлінген қаржы 31 млрд теңгеден асты.
Қазақстан автобизнес Ассоцияциясының мәліметінше, 2016 жылы ресми дилерлер 46 712 жаңа автокөліктерді сатты. Бұл 2015 жылға қарағанда екі есе аз (2015 жылы 97 469 автокөлік сатылды). Қазақстанда жасалған автокөліктердің сатылымдағы үлесі жыл соңында 26%-ды құрады (2015 жылы — 17%).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024