Автоөндірісті қолдауға үкімет тарапынан бағытталған 20 млрд теңгенің 15 миллиарды азаматтарға жеңілдікпен автонесие алуға арналады. Мемлекеттік көмектің арқасында тұтынушылар үшін қазақстандық автокөлік бағасы 3-5 есе арзандайды. Бұл туралы «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» компаниялар тобының Өскемен қаласында өткен жиналысында "АЗИЯ АВТО Қазақстан" АҚ директоры Ержан Мандиев мәлімдеді.
"Қазақстандық автокөлік сатып алатындардың 95%-ы - жеке тұлғалар. 10 адамның алтауы несие арқылы көлік алады. Алайда, соңғы кезде теңге тапшылығы байқалады", - дейді ол.
Мадиевтың сөзіне қарағанда, мемлекет тарапынан бөлініп отырған қаржы аталған мәселені шешуі керек.
Похожие материалы
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





