Өткен аптадағы ірі шаралардың бірі ретінде Қазақстандағы тұңғыш медиа-саммитті атап өтуге болады. 15 қазанда Алматыдағы Rixos қонақүйінде қазақстандық медиабизнес ойыншылары, телеарна басшылары мен жарнама берушілер жиналды.
Қазақстандық медиа саммит төрағасы Виктор Елисеевтің сөзінше, БАҚ-тың негізгі табысы - жарнама бюджеті. "Табыс азайған кезде, контент және оны жақсарту мүмкіндігі де азаяды. Мұның барлығы өзара байланысты. Сондықтан біз тақырыпты "Қазақстан үшін рецессия әлде трансформация ма?" деп алдық",- деді ол. Саммит бағдарламасы үшке бөлінген. Бірақ үш кеңістіктегі ортақ тақырып қазақстандық медианың дамуы, теледидар мен интернет бәсекелесі, жарнама нарығы және жарнама берушілер мен қабылдаушылар арасындағы қарым қатынас - мәселелері туралы болды.Қазақстандық жарнама нарығының жағдайы
Asia Central TNS бас директоры Татьяна Старцеваның хабарлауынша, 2014 жылы қазақстандық жарнама нарығы 36,8 млр теңге немесе 210 млн долларды құрады. 2015 жылы бұл көрсеткіш 36,5 млрд теңгені немесе 154 млн долларды құрауы мүмкін. Жарнама нарығындағы ең үлкен үлес телевизия еншісінде (64%-67%). Интернетке 5%, сыртқы жарнамаға 5%, прессаға 10%, радиоға 12% үлес тиесілі. 2015 жылы радио мен БАҚ-тағы жарнама бюджеті максималды яғни 17,5 пайызға азаюы мүмкін. Ал ТВ мен сыртқы жарнама бюджеті өзгеріссіз қалады. Қазақстан БАҚ-на жарнама беруші ТОП ондық: Интернеттің кең қолданысқа ие болуын медиа нарықтың пайдаланылуына үлкен өзгеріс әкелді. Баспа мен кітап оқу танымалдылығы төмендеп барады. 2006 жылы радио тыңдау 79,6% болса, 2014 жылы 69,4% болған. Газет оқу 2006 жылы 76,9% болса, 2014 жылы 55,2% құрады. Кітап оқу 40,2%-дан 23,2 пайызға азайды. Интернет қолданушылар ғаламтордың түрлі қызметтерін пайдалануда. Әлемдік өрмекші торының 67%-ы интернетті электронды пошта үшін, 54%-ы фильм көру үшін, 39%-ы хабарламалар алмасу үшін қолданады. Адамдарға ықпал ету көлемі: Телевизия 94% Радио 69% Интернет 60% Пресса 55% Қазақстан интернет қауымдастығының президенті Шафкат Сабировтың сөзінше, өткен жылы ІТ нарық мемлекетке 2,2 млрд теңге салық төлеген. Салық төлеу көлемі бойынша көшбасшы ондық (2014 жыл, тг): lamoda.kz 761 105 qiwi.kz 540 261 kolesa.kz 326 632 wildberries.kz 259 652 otto-trade.kz 128 950 hh.kz 93 580 apexpr.kz 82 150 flip.kz 70 826 yves-rosher-kz.com 55 044Қазақстан телевизия нарығы
Отыз бірінші арна басшысы Бағдат Қожахметовтың сөзінше, үнді сериалының бір сағаты үшін 100 000 теңге, ал отандық сериалдың бір сағаты үшін 3 млн теңге жұмсалады. Бұл қаржының орнын толтыру үшін үнді сериалын 1 рет, ал отандық сериалды 10 рет қайталап көру қажет. Өткен жылы ресейлік нарық 14 800 сағаттық сериал, ал қазақстандық нарықта 200 сағаттық сериал түсірілген. Осыған байланысты Бағдат Қожахметов отандық арнада 1-3 жылға дейінгі аралықта шетелдік сериалдарды көрсетпеу туралы мораторий жариялауды ұсынды. Жетінші арна бас директоры Қуат Бахридиновтың сөзінше, жобаның бір маусымы үшін үш жарым млн долларға дейінгі қаржы кетеді. "Ол шығынның орнын жабу өте қиын. Сондықтан жобалар бір екі маусымнан артық жалғаспайды",- дейді ол. Жыл сайын қазақстандық медиа-нарыққа 400-500 жарнама берушіден тапсырыс түседі. Беларусьта бұл көрсеткіш 1500-ды, Ресейде 4000-ды, Украинада 2000-ды құрайды. Youtube Қазақстанда Саммитке келушілер күткен спикерлердің бірі Ютубтың Қазақстандағы директоры Юрий Хазанов болды. Атап өтейік, ол осыдан бір апта бұрын Ютубтың Қазақстандағы жұмысын іске қосты. Қазақстандық қолданушылардың 52%-ы кем дегенде Youtube-тың бір каналына жазылған. Youtube-тағы ең танымал тауарлар: косметика (17 пайыз) және мобильді телефон (23 пайыз).- Он сегіз жасқа дейінгі қолданушылардың 80%-ы Youtube-ты қолданады.
- Қолданушылардың 37%-ы теледидар қарап отырғанда интернетке шығады.
- Көбінде теледидар мен Youtube видеоларын кешке көреді.
- Сатып алушылардың көпшілігі тауарды сатып алардан бұрын Youtube видеоларынан ақпарат көреді.
- Youtube видеоларының 43%-ы мобильді құрылғылар арқылы көреді.
- Сән және сұлулық
- Тинейджерлерге арналған ойын сауық
- Анимация
- Гейминг және авто
- Кино және теледидар
- Музыка
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024