Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық медиабизнес қалай дамып жатыр?

Қазақстандық медиабизнес қалай дамып жатыр?

Өткен аптадағы ірі шаралардың бірі ретінде Қазақстандағы тұңғыш                 медиа-саммитті  атап өтуге болады. 15 қазанда Алматыдағы Rixos қонақүйінде қазақстандық медиабизнес ойыншылары, телеарна басшылары мен жарнама берушілер жиналды.

Қазақстандық медиа саммит төрағасы Виктор Елисеевтің сөзінше, БАҚ-тың негізгі табысы -  жарнама бюджеті. "Табыс азайған кезде, контент және оны жақсарту мүмкіндігі де азаяды. Мұның барлығы өзара байланысты. Сондықтан біз тақырыпты "Қазақстан үшін рецессия әлде трансформация ма?" деп алдық",- деді ол. Саммит бағдарламасы үшке бөлінген. Бірақ үш кеңістіктегі ортақ тақырып қазақстандық медианың дамуы, теледидар мен интернет бәсекелесі, жарнама нарығы және жарнама берушілер мен қабылдаушылар арасындағы қарым қатынас - мәселелері туралы болды.

Қазақстандық жарнама нарығының жағдайы

Asia Central TNS бас директоры Татьяна Старцеваның хабарлауынша, 2014 жылы қазақстандық жарнама нарығы 36,8 млр теңге немесе 210 млн долларды құрады. 2015 жылы бұл көрсеткіш  36,5 млрд теңгені немесе 154 млн долларды құрауы мүмкін. Жарнама нарығындағы ең үлкен үлес телевизия еншісінде (64%-67%). Интернетке 5%, сыртқы жарнамаға 5%, прессаға 10%, радиоға 12% үлес тиесілі. 2015 жылы радио мен БАҚ-тағы жарнама бюджеті максималды яғни 17,5 пайызға азаюы мүмкін. Ал ТВ мен сыртқы жарнама бюджеті өзгеріссіз қалады. Қазақстан БАҚ-на жарнама беруші ТОП ондық: 12167231_729832620480418_1707536121_n Интернеттің кең қолданысқа ие болуын медиа нарықтың пайдаланылуына үлкен өзгеріс әкелді. Баспа мен кітап оқу танымалдылығы төмендеп барады. 2006 жылы радио тыңдау 79,6% болса, 2014 жылы 69,4% болған. Газет оқу 2006 жылы 76,9%  болса, 2014 жылы 55,2% құрады. Кітап оқу 40,2%-дан 23,2 пайызға азайды. Интернет қолданушылар ғаламтордың түрлі қызметтерін пайдалануда. Әлемдік өрмекші торының  67%-ы интернетті электронды пошта үшін, 54%-ы фильм көру үшін, 39%-ы хабарламалар алмасу үшін қолданады. Адамдарға ықпал ету көлемі: Телевизия 94% Радио 69% Интернет 60% Пресса 55% Қазақстан интернет қауымдастығының президенті Шафкат Сабировтың сөзінше, өткен жылы ІТ нарық мемлекетке 2,2 млрд теңге салық төлеген. Салық төлеу көлемі бойынша көшбасшы ондық (2014 жыл, тг): lamoda.kz                                        761 105 qiwi.kz                                              540 261 kolesa.kz                                           326 632 wildberries.kz                                  259 652 otto-trade.kz                                    128 950 hh.kz                                                  93 580 apexpr.kz                                           82 150 flip.kz                                                 70 826 yves-rosher-kz.com                          55 044

Қазақстан телевизия нарығы

Отыз бірінші арна басшысы Бағдат Қожахметовтың сөзінше, үнді сериалының бір сағаты үшін 100 000 теңге, ал отандық сериалдың бір сағаты үшін 3 млн теңге жұмсалады. Бұл қаржының орнын толтыру үшін үнді сериалын 1 рет, ал отандық сериалды 10 рет қайталап көру қажет. Өткен жылы ресейлік нарық 14 800 сағаттық сериал, ал қазақстандық нарықта 200 сағаттық сериал түсірілген. Осыған байланысты Бағдат Қожахметов отандық арнада 1-3 жылға дейінгі аралықта шетелдік сериалдарды көрсетпеу туралы мораторий жариялауды ұсынды. Жетінші арна бас директоры Қуат Бахридиновтың сөзінше, жобаның бір маусымы үшін үш жарым млн долларға дейінгі қаржы кетеді. "Ол шығынның орнын жабу өте қиын. Сондықтан жобалар бір екі маусымнан артық жалғаспайды",- дейді ол. Жыл сайын қазақстандық медиа-нарыққа 400-500 жарнама берушіден тапсырыс түседі. Беларусьта бұл көрсеткіш 1500-ды, Ресейде 4000-ды, Украинада 2000-ды құрайды. Youtube Қазақстанда Саммитке келушілер күткен спикерлердің бірі Ютубтың Қазақстандағы директоры Юрий Хазанов болды. Атап өтейік, ол осыдан бір апта бұрын Ютубтың Қазақстандағы жұмысын іске қосты. Қазақстандық қолданушылардың 52%-ы кем дегенде Youtube-тың бір каналына жазылған. Youtube-тағы ең танымал тауарлар: косметика (17 пайыз) және мобильді телефон (23 пайыз).
  • Он сегіз жасқа дейінгі қолданушылардың 80%-ы Youtube-ты қолданады.
  • Қолданушылардың 37%-ы теледидар қарап отырғанда интернетке шығады.
  • Көбінде теледидар мен Youtube видеоларын кешке көреді.
  • Сатып алушылардың көпшілігі тауарды сатып алардан бұрын Youtube видеоларынан ақпарат көреді.
  • Youtube видеоларының 43%-ы мобильді құрылғылар арқылы көреді.
Youtube-тағы топ тақырыптар:
  • Сән және сұлулық
  • Тинейджерлерге арналған ойын сауық
  • Анимация
  • Гейминг және авто
  • Кино және теледидар
  • Музыка
Оның сөзінше, енді қазақстандық Ютую қолданушыларынан белсенділік күтіледі. Алдағы уақытта Қырғызстан, Өзбекстанда да іске қосылуы мүмкін. Қазақстандық онлайн БАҚ дамуы Интернет-журналистика бүгінгі тенденцияға байланысты өзгеріп, БАҚ-тағы өз басымдылығын көрсетуде. Сондықтан онлайн-БАҚ дамуын талқылау сессиясын айналып өтуге болмайды. Kapital.kz, Nur.kz, 365Info.kz, Informburo.kz басшыларының сессиясында интернеттегі жаңалықтар тасқыны, бинес үшін контентті сата білу, әлеуметтік желілердің ықпалы және оқырманмен байланыс мәселелері талқыланды. Әрине, дәстүрлі журналистика мен жңа медиа журналисті арасындағы  айырмашылық басты тақырып болды. "Ақпаратттық агенттік пен газетте жұмыс істейтін  журналистер кешегі күнде қалды. Газет аудиториясы ескіріп барады. Басылымдар өледі, онымен бірге мәтіннің де маңыздылығы да жоғалады. Айдарлар жоғалады. Қазір ешкім «саясат» деген айдарға кіріп, не болып жатыр екен деп қарамайды. Дәстүрлі медиада  жұмыс істеген адамдар - кешегі күннің адамдары. Құр мәтінді ешкім қазір қабылдамайды. Оны міндетті түрде фото, видеомен беру қажет. Қазір бізге  жаңа сападағы контент қажет", -дейді Informburo.kz сайтының бас редакторы Михаил Дорофеев. Оған аргумент ретінде 365info.kz сайтының контент-директоры Николай Халалбузарь әлі де өз биігінен түспей келе жатқан  басылымдардың стилін алға тартты. Tne New York Times, The Wall Street Journal  тәрізді бізден бір саты алдағы батыстық журналистикада лонгрид, үлкен мәтіндер әлі де қолданысқа ие дейді ол. Михаил Дорофеевтің сөзінше, лонгридтің артықшылығының өзі-  фото мен видеоны қатар біріктіре білуінде. "Қазіргі адам бір оқығанда максимум 1200 белгі оқи алады. Ютубтағы видео көрудің орташа ұзақтығы 3,5 минутты құрайды. Осыдан кейін не айтуға болады?  Біз пайдаланып жүрген лонгридтер,әрине, тамаша. Бірақ маған сол лонгридтерді соңына дейін оқып шыққан бір адамды көрсетіңізші. Шолып шығуға болады, бірақ бірде-бір адам бірінші әрпінен соңғы әрпіне дейін оқып шықпайды. Қазір ондай адамдар жоқ немесе жоғалып бар жатыр", - деді ол. Медиа саммит туралы фоторепортажды мына жерден көре аласыздар.

Похожие материалы