Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz - Қазақстандық оқушылар бірегей қолғап ойлап тапты. Ол биологиялық белсенді нүктелер арқылы алты сырқатқа диагноз қоя алады.
Назарбаев Интеллектуалды мектебінің химия-биологиялық бағытта оқитын студенті Алимжан Кенесбековтың айтуынша, аппарат жоғары немесе төмен артериалды қысымын, бассүйектегі қан қысымын, панкреатит, гастрит және бронхитті анықтайды. Ал нәтижесін смартфондағы арнайы қосымшаға шығарады.
"Құрастырылған прототипқа 30 доллардан аз қаржы кетті. Себебі оған мектептегі бар ресурстарды қолдандық. Құрылғыны жасауға үш айдай уақыт кетті. Өндірістік нұсқаларының бағасы шамамен 200 доллар болады. Өндірісті дамыту үшін бізге 14 млн теңге қаражат керек. Бұл сома ғимаратты жалға алуға, тәжірибелер жүргізуге және қажетті сараптамалар жасауға жұмсалады", - деп жоспарымен бөлісті құрастырушы.
Сонымен қатар, ол шетелдің ұқсас апараттарынан қарағанда, қазақстандық өнім бірнеше есе арзан және тек медициналық мекемелерге ғана қолжетімді. Мысалы, Ресейде мұндай құрылғы 500 доллар тұрады.
Одан бөлек, Кенесбеков қазіргі уақытта диагноздың нақтылығы 76 пайыз екенін атап өтті. Бірақ болашақта нәтижелердің дұрыстығы өсе түседі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024