Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар 3,7 млрд теңгеге жеңілдікпен автонесие алған

Қазақстандықтар 3,7 млрд теңгеге жеңілдікпен автонесие алған

Қазақстанның даму банкі (ҚДБ) 6 коммерциялық банкке жеңілдікті автонесие алу туралы түскен 1146 өтінішті қабылдады деп хабарлайды  LS қаржы ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚДБ 6 мамырда 3,7 млрд. теңге болатын несиеге рұқсат берді. Несие алушыларға қазақстандық өндірістегі 55 авто үлгісі ұсынылады:Kia, Chevrolet, Skoda, Hyundai, SsangYong, Peugeot. Еске салайық, ҚДБ жеңілдікті автонесие бағдарламасының операторы болып табылады. Баспасөз қызметінде хабарлағандай, ҚДБ тұрақты түрде Ұлттық қордан бөлінген қаржыны банк-агенттердің қалай игеріп жатқандығына мониторинг жасап тұрады. Жалпы Қазақстанда жинақталатын көліктерді жеке тұлғалардың несиеге алуға мүмкіндік беру үшін барлығы 15 млрд. теңге бөлінді. Снимок Дереккөз: ҚДБ Жеңілдікпен несие беру бағдарламасы құны 5,6 млн. теңге  дейінгі көліктерге таралады. Жеңілдікті автонесие бойынша, номиналды пайыздық бәс жылдық 4%-ға, тиімді бәс жылдық 7,5%-ға тең. Алғашқы салым көлік құнының 10-20 пайызын құрайды. Астана Моторста атап өткендей, несиені рәсімдеу кезінде қосымша комиссия алынбайды, қажетті құжаттар пакеті стандартты. Айта кетейік, мына жерден арзан несиемен алуға болатын отандық автокөліктердің тізімін көре аласыздар.

Похожие материалы