Қазақстандықтар грузиндік курортты қала Батумиден жылжымайтын мүлікті көптеп сатып алуда.
Грузиндік бір құрылыс компаниясының өзінен-ақ қазақстандықтар Қара теңіз жағалауынан 12 миллион долларға пәтерлер алған. Сатып алушылардың басым көпшілігі Астана, Алматы және Ақтау қалаларынан. Сатып алушылардың ұзын саны 200-ге жуық. Және олардың меншігінде бір емес, бірнеше пәтер бар. Пәтерлерді көбіне жалға беру үшін сатып алады дейді сәулетшілер.
Аджарияның астанасы Батуми қаласы елдің ең басты қара теңіз курорты саналады. 2014 жылы қалаға 1,5 миллион турист келген. Заң бойынша шетелдіктер үйді бір-ақ күнде сатып ала алады, және ол үшін қолыңызда төлқұжатыңыздың болғаны жетерлік.





