Қазақстандықтар 91,3 млрд теңгеге мүліктерін заңдастырған. Бұл мәліметті ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 2 наурызындағы ахуал бойынша жария етті. Қазақстан аумағында 91,3 млрд теңгеге мүлік заңдастырылған. Акция басталғалы жалпы құны 198,3 млрд теңге болатын 23 мың өтініш келіп түсті. Оның ішінде тұрғын-үй объектілерінің жалпы құны 143 млрд теңгені, тұрғын-үйлік емес объектілердің құны 53,3 млрд теңгені құрады. Сонымен бірге қазақстандықтар заңды тұлғалар қатысымының үлестері (0,7 млрд теңге) мен құнды қағаздарды (0,8 млрд теңге) да заңдастыруға ниет білдіріп отыр. 6 өтініш білдіруші шетелдік мүліктерін 215,9 млн теңгеге заңдастыруды қалап отыр. Жалпы құны 211,4 млн теңге болатын 3 тұрғын-үй объектісі, 1,5 млн теңге болатын бос нысан және екі заңды тұлғаның 3 млн теңгеге бағаланған үлестері заңдастырылатын болады. 2015 жылдың 2 наурызы бойынша 110,1 млн теңгені құрайтын 3 нысан заңдастырылды. Ұлттық банктің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 27 ақпанындағы ахуал бойынша қазақстандықтар 10,3 млрд теңге көлемінде 69 жинақ шоттарын ашқан. Ел экономикасына 2,3 млрд теңге көлемінде инвестиция салынған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024