Екінші жарты жылдықтан бастап Қазақстанда нөмірді сақтай отырып, операторды ауыстыру технологиясы енгізілуі мүмкін. Бұл туралы «Теле2 Қазақстан» компаниясының коммерциялық директоры Миндаугас Убартас мәлімдеді.
«Әлемнің жүздеген елінде қолданылатын бұл технология осы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап біздің елімізде де қолданылмақ. Жобаны енгізу процессі дайын болды, тек Көлік және коммуникация министрлгінің келісім беруін күтіп отырмыз», - деді ол баспасөз-мәслихаты кезінде. Бұл технологияның негізгі артықшылығы нөміріңізді сол қалпында сақтай отырып, бір оператордан екінші операторға ауысуға болады. Алғашқы кезде 4 сағат ішінде нөміріңізді ауыстыра аласыз, кейінірек 1 жылдан соң бұл процесс 30 минутты алады. Миндаугас Убартастың айтуынша бір оператордан Теле2-ге ауысу тегін болады, ал басқаларына ауысу төлемақысы әлі нақтыланған жоқ. Ал нөміріңіз сол күйінде сақталады. Елімізде бұл технология алғаш рет Теле2 операторлық жүйесі арқылы енгізілмек. «Теле2 Қазақстан» компаниясының басқарма төрағасы Пиетари Кивикконың айтуынша, әзірге басқа операторлар бұл технологияның енгізілуін қолдап отырған жоқ. «Олар бұл жобаны енгізу қымбат және ыңғайсыз болмақ дейді. Біздің ойымызша, осы әдіс тұтынушылар үшін өте ыңғайлы және тиімді»,- деді ол.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024