Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар ПМК шығындарын онлайн бақылайтын болады

Қазақстандықтар ПМК шығындарын онлайн бақылайтын болады

Қазақстандықтар Пәтер меншіктенушілері кооперативтерінің (ПМК) жұмысын смартфон арқылы қадағалай алатын болады. Бұл туралы Астанада өткен брифинг барысында ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев хабарлады.

"Келешекте Астанада, Қызылордада және Маңғыстауда БҰҰ желісімен бірігіп, сынақ жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Әр тұрғын кілт пен кодқа ие болып, ПМК міндеттемелерін кабинеттен шықпай-ақ, ұялы немесе өзге ресурс арқылы ПМК шығындарын қарай алатын болады. Адамдар қолдап немесе қарсы дауыс бере алады", - деп мәлімдеді вице-министр.

Қ.Өскенбаев ақпаратына сүйенсек, бұл жаңа енгізілімді осы жылдың аяғына дейін әзірлеу жоспарланып отыр. Бұл ретте, оның айтуынша ПМК электронды түрде есеп беріп бастаған.

"Біз, пәтер меншіктенушілері ретінде, қолымыз бос болмағандықтан күн сайын ПМК-ға барып тұру мүмкіндігіне ие емеспіз. ПМК ақшаны не нәрсеге жұмсап жатқандығы түсініксіз. Сол себепті біз электронды форматтағы ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептілікті енгіздік", - деді Қ.Өскенбаев.

Похожие материалы