Қазақстандықтар сайлаудан кейін ел экономикасында жағымсыз өзгерістер болуы мүмкін деп санайды
Demoscope қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы «Сайлаудан кейін қазақстандықтар күтетін ел экономикасындағы өзгерістер. Отандық өндірушілердің тауарларына деген көзқарас» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға барлығы 1904 адам қатысқан.
Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың жартысы (48%) сайлаудан кейін ел экономикасында жағымсыз өзгерістер болуы мүмкін деп санайды. Олардың 28%-ы тауар бағасы мен қызмет көрсету бағалары қымбаттайды десе, 20%-ы теңге құнсыздануы мүмкін деп алаңдап отыр.
Қатысушылардың 38%-ы тек жағымды жаңалықтар күтеді және сайлаудан кейін баға төмендейді деп сенеді (18%), сондай-ақ елдегі экономикалық және саяси тұрақтылық бекемдене түседі дейді. Мұндай пікірді білдірген респондентердің басым бөлігі Қызылорда және Қарағанды облыстарында тұратын боылп шықты.
Зерттеу қорытындысы көрсеткендей, үлкен жастағы (жетпістен жоғары) азаматтар, жастар мен орта буын өкілдері (16-39 жас аралығындағы) сайлаудан кейін тек оң өзгерістер күтеді. Алайда, 40-69 жас аралығындағы қазақстандықтар болуы мүмкін экономикалық өзгерістерді жағымсыз жағдайлармен байланыстырады.
Оңтүстік Қазақстан облысында (51%), Маңғыстау облысында (44%) Солтүстік Қазақстан облысында (42%) тұратын сауалнамаға қатысқан қазақстандықтар сайлаудан кейін инфляция болады деп ойлайды. Жамбылдықтардың 40%-ы мен алматылықтардың 30%-ы бұл пікірге қосылады.
Елдегі жағдайларға көз жүгірте келе, респонденттердің 36%-ы ел экономикасында айтарлықтай өзгерістерді күтпейтінін айтты. Ал, 12%-ы экономикамызға сыртқы жағымсыз факторлер әсер етпей қоймайды деп отыр.
[caption id="attachment_7140" align="alignleft" width="1000"] Суретті үлкейтіп көру үшін үстінен басыңыз[/caption]Қазақстандықтар ЕУЭО-ның Қазақстан экономикасына әсері жайлы нақты пікір білдірмеді. Сайлаудан кейін ел экономикасында қандай өзгерістерді күтесіз деген сауалға ЕАЭО-ға мүше елдермен интеграцияның күшеюі, ортақ валютаның айналымға түсуі немесе ЕАЭО-ң Қазақстан нарығына әсерінің әлсіреуі, қазақстандық өндірушілер позициясының күшеюі деген жауап нұсқалары өте сирек таңдалды. Тек 6% респонденттер ЕАЭО-ға мүше елдермен интеграцияның күшеюі, ортақ валютаның айналымға түсуі деген жауапты таңдаса, ЕАЭО-ның Қазақстан нарығына әсерінің әлсіреуі, қазақстандық өндірушілер позициясының күшеюі деп 1%-ы ғана жауап берді. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан азаматтар алдағы уақытта экономиканың долларсыздандырылуы да мүмкін емес дейді (4%).
Сауалнама қорытындысы көрсеткендей, қазақстандықтардың 98%-ы 26 сәуір күні Президент сайлауы өтетінін жақсы біледі.
Сауалнама барысында респонденттер отандық өндірушілердің тауарлары жайлы да өз пікірлерімен бөлісті. Олардың жартысынан көп бөлігі (52%) бұл бастаманы қолдайды. Егер өзге елде жасалған тауарлармен бағасы пен сапасы бірдей болса, Қазақстанда жасалған тауарларды алуға дайынбыз дейді.
28%-ы Отандық өндірушілерге қолдау көрсетуге тырысамын. Алайда, тауарлардың сапасы көңілімнен шықпайды деген жауапты таңдады. Ақтөбе облысынан жауап берген респонденттер арасында отандық өндірушілерге деген сенім аз екені байқалды. Тек шет елдік өнімдерді таңдаймын деген жауаптарды таңдаған қатысушылар 35%-ға тең. Ал, 12%-ын бұл сауал қызықтырмайды.
[caption id="attachment_7141" align="alignleft" width="1000"] Суретті үлкейтіп көру үшін үстінен басыңыз[/caption]Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан 18 жастан асқан 1904 адам қатысты. Олардың 70%-ы әйелдер және 30%-ы ер азаматтар.
Сұрақ қою телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама түрінде болды және 19-26 наурыз аралығында жүргізілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024