QIWI компаниясы ақпан айынан бастап қазақстандық QIWI Әмияндардағы ақшалай лимит арттырлғандығын хабарлайды.
Енді комиссияны ескергендегі төлемнің максималды соммасы 182 500 тенге. Бұрындары төлемнің тағайындалуына байланысты бір транзакцияның лимиті 70-75 мың теңге болатын. Лимиттің 182 500 теңгеге дейін жоғарылауы қазақстандық компаниялар мекенжайына бағытталған төлемдер үшін ғана қолданылады. Сәйкесінше, төлем кезінде валюта ретінде теңге таңдалуы тиіс. "QIWI Әмияндағы лимиттердің арттырылуы - өте маңызды қадам, бір жағынан, біздің пайдаланушыларымыздың мүмкіндіктері мен жайлылық аймағын кеңейеді. Басқа жағынан, біз осылайша қазақстандық кәсіпкерлерге қолдау білдіреміз, бұл заманауи нарық жағдайларында зор маңызға ие", - деп мәлімдеді QIWI Kazakhstan директоры Владимир Ким. Бүгінгі таңда QIWI Әмиянға ТКШ-дан бастап, интернет-дүкендер мен қайырымдылық қорларына дейін түрлі бағытта қызмет көрсететін 800 қазақстандық компания қосылған. Ақпарат көзі: millioner.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024