Ресейлік Сочи курортында жылымайтын мүліктің, соның ішінде тұрғын-үй жетіспеушілігі байқалып отыр.
"Жақында ғана құны 400 млн рубльдік келісім жасалды, – дейді "Грас" компаниясының стратегиялық коммуникациялар жөніндегі директоры Петр Кирилловский. – Қазақстандық азаматтар қымбат нысаннан бір қабатты тұтастай сатып алыпты".
Кириллиовскийдің сөзіне сүйенсек, бұрын Сочидегі қымбат апартаменттер 10 млн доллар тұрса, қазір 5 млн доллар болып тұр. Оның ойынша, Қазақстандықтар осы сәтті пайдаланып, қаржысын жылжымайтын мүлікке салып отыр. Алтай аймағы туралы да осы пікірді алға тартуда.
Риелторлар одағының президенті Марина Ракинаның сөзіне сүйенсек, бұрын Қазақстандықтар бірлі-екілі ғана өтініш беретін болса, бүгінде өтініш саны оннан асып кетеді. Сонымен бірге, Ракина сатып алушылардың 60%-ы эконом-кластағы пәтерлер іздейді. Десе де, комфорт-класс, бизнес-кластағы мүліктер де сатылымы аз емес.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024