Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап жатыр
Астана. 18 сәуір. 7kun.kz - Алматы мен Астана қалаларындағы еріктілер су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмек жинап жатыр. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
"Біз консервілерді, жеке гигиена заттарын, жаялықтар, жаңа жылы киімдер мен азық-түлік қабылдаймыз. Қандай да бір медициналық дәрі-дәрмектерді олардың сертификаттарының көшірмесі арқылы ғана қабылдаймыз. Әзірше көп зат әкелінген жоқ. Астана мен Алматы мегаполистер ғой. Біз қазір көмек көрсетуіміз керек. Әзірше көмек көрсетемін деушілер аз. Достарымыз, туыстарымыз, таныстарымыз арқылы жергілікті тұрғындарға қандай көмек керек екенін біліп, жиналған заттарды сонда жіберіп жатырмыз", - деді ерікті Адиль Смит.
[caption id="attachment_67792" align="alignnone" width="705"] Фото: tengrinews.kz[/caption]"Гуманитарлық көмекті аптаның соңына дейін қабылдаймыз. Адамдардың көмектесуіне қарай. Қазір ақтөбеліктер көмек сұрап жатыр. Сондықтан бастапқыда соларға көмек көрсетуді шештік. Басқа өңірлердің тұрғындарынан хабар жоқ. Ақтөбе тұрғындары жаялықтар керек деп жатыр. Онда балалар көп екен. Қазір ғана тек балаларға емес, сондай-ақ, ересектерге ішкиім, халатттар, трико мен тәпішкелердің керек болып жатқаны жайлы хабарлама келді", - деді ерікті Лейла Қасыманова.
Сондай-ақ, Астанада Instagram желісіндегі "Клуб добряков" тобындағылар қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған акция жариялады. Айта кетейік, 20 сәуірде Атбасар тұрғындарына гуманитарлық көмекпен бірнеше көлік барады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024