Познавательный
Қазақстандық жүргізушілерге күндіз жарық шамын өшіруге рұқсат беруі мүмкін
Парламент мәжілісі жол жүру ережелеріне (ЖЖЕ) елдімекендерде күндізгі жүріс шамын жақпауға мүмкіндік беретін өзгеріс енгізуді қарастырып жатыр.
Өткен жылы қабылданған "Жол қозғалысы туралы" жаңа заң күндіз үнемі жүріс шамын жағып жүруді талап еткен. Жаңа өзгеріске көпшілігі қарсы шығып, қалада шам жағудың қажеті жоқ деп мәлімдеді. Кейбірінің сөзінше, көліктердің электротізбегіне қосымша жүк түсіріп, қауіп пайда болуы мүмкін.
"Елдімекендерде күндізгі жүріс шамын қосып жүру бізге ештеңе бермейді, қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Қазір елімізде жүрген көліктердің сипаттамасын өте жақсы деуге келмейді, сондықтан электроқұрылғылардың қызып кетуі олар үшін қауіпті болады. Мен жүргізушілермен сөйлесіп, бұл норманы қаншалықты қабылдайтындықтарын сұрадым. Олардың сөзінше, автожолдарда қажет, ал қала ішінде белгілі бір салдары болуы мүмкін", - деп мәлімдеді депутат Төлеген Ибраев.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024