Аса сұранысқа ие автокөлік нөмірлерін сату акциясы басталғалы бері Жамбыл облысында 130-дан артық аталған нөмірлер сатып алынған. Бұл жөнінде ІІД тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімі мәлімдеді.
Осылайша, 2014 жылы жамбылдық жүргізушілер бюджетке 14,5 млн теңге төлеп, 51 дана нөмір сатып алған. Ал, 2015 жылдың басынан бері тағы 80 нөмір алып, бюджетке 20,6 млн теңге пайда келтірген. Жалпы есепте бюджет 35 млн теңгеге толықты. Жамбыл жүргізушілерінің басым көпшілігі "888" комбинациялы нөмірлерге құмар. Мұндай нөмірлер бағасы "777" комбинациясымен салыстырғанда сәл арзанырақ. 2014 жылдың желтоқсан айынан бері VIP-нөмірлерді белгілі төлем жасау арқылы сатып алуға болады. Олардың бағасы 271,5 мың теңгеден 451,8 мың теңге арасында. Соншалық шығын шығарып, нөмір сатып алушылардың басым көпшілігі "елден ерекше" болуды көздесе, енді бірі "сәттілік әкеледі" дегенге сенетін болу керек. Тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің мәліметтеріне орай, VIP-нөмірді сатып алушылардың дені «Тойота Камри-45, 50», «Мерседес», «Прадо» джиптері, «Лексус» маркалы көліктердің иелері. Бір қызығы, VIP-нөмірлі бірде-бір «Жигули» тіркелмеген.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024